Барыс-2006 Қазақстан Республикасының чемпионатында екінші орынды иеленді
03 Мамыр 2022

Барыс-2006 Қазақстан Республикасының чемпионатында екінші орынды иеленді

БЖСМ

1 мамырда елордада 2006 жылы туған ойыншылар арасындағы «Мықтылар» тобының төртінші туры аяқталды.

Финалдық тур шытырманға толы болды: «Юность» «Барысқа» қарағанда 1 ұпайға артық жинады, сондай-ақ соңғы матчта турнир кестесінде жақын орналасқан қарсыластарын жеңді. «Астана-1» төртінші турды үшінші орында аяқтады.



Осылайша, «Юность» пен «Барыс» тең ұпай жинады, алайда бетпе-бет кездесудегі «қырандар» жеңісінің арқасында алтын медальдар Қарағандыға аттанды.

Сәйкесінше, күміс медальдар елордалық «Барыс» командасына бұйырды.

Чемпионат көшбасшыларының үштігін «Астана-1» қорытындылады.



Амплуа бойынша үздік ойыншылар:
 «Үздік шабуылшы» - Асанәлі Сәркенов («Барыс»)
 «Үздік қорғаушы» - Мстислав Шипилин («Барыс»)
 «Үздік қақпашы» - Алексей Зюзин («Юность»)

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan