Авангард Барыстың жеңіс сериясын үзді
23 Қараша 2025

Авангард Барыстың жеңіс сериясын үзді

Қараша айындағы соңғы өз алаңындағы ойында «Барыс» «Авангардты» қабылдады. «Салаваттан» кейінгі жеңістен соң астаналықтардың жаттықтырушылар штабы құрамды өзгертпеді. Қақпаны алғашқы минуттардан бастап тағы да Адам Шил қорғады.

Оның «құрғақ» сериясы 112 минут 24 секундта үзіліп, Василий Пономарёв сәтті серпілісті пайдаланып, есепті ашты. Матчтағы шешуші сәт екінші кезеңнің басында орын алды. Омбы хоккейшілеріне шешуші басымдық алуға бір минуттан да аз уақыт жеткілікті болды. Михаил Котляревский мен Михаил Гуляевтың шайбаларынан кейін ойынға Андрей Шутов қосылды. Алайда ол да қақпасын құрғақ сақтай алмады - Пономарёв пен Котляревский дубль авторы атанды.

Андрей Мишуровтың қақпасына алғашқы шайбаны Алихан Өмірбеков соқты. Ал финалдық сиренаға дейін Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы голын Макс Уиллман тіркеді. Бірақ бұл жалпы нәтижеге әсер етпеді. 27 қараша күні Михаил Кравецтің ойыншылары Уфада «Салават Юлаевпен» кездеседі.

«Барыс» - «Авангард» 2:5 (0:1, 1:4, 1:0)

0:1 – 02:02 – Пономарёв (Мартынов)

0:2 – 24:07 – Котляревский (Блажиевиский, Маклауд)

0:3 – 24:26 – Гуляев (Лажуа)

0:4 – 24:47 – Пономарёв (Рашевский)

0:5 – 35:14 – Котляревский (Маклауд, Лажуа)

1:5 – 38:12 – Өмірбеков (Данияр)

2:5 – 57:46 – Уиллман (Веккьоне, Морелли)

Қақпашылар: Шил (Шутов, 24:26-60:00) - Мишуров

«Барыс Арена». 10 010 көрермен

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

DSC_1061.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Айтмағамбетовтің дубльі Барысқа Жастар кубогын жеңіспен бастауға жол ашты

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасының 2026/2027 маусымына арналған бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Барыс

Барыстың жастар арасындағы Қазақстан Кубогындағы матчтар күнтізбесі