
«Снежные Барсы» қақпашысы Артём Шестаков бірінші жаттықтырушы және өзінің болашақ жоспарлары туралы айтты.
- Хоккей ойнап жүргеніңізге неше жыл болды және неліктен осы спорт түрімен айналысуды шештіңіз?
- Мені 3 жасымда ата-анам коньки тебуге берді. Бұл негізі менің таңдауым емес еді. Біраз уақыттан кейін олар менен келесіні сұрады: әрі қарай жалғастырасын ба? Мен жауап ретінде тек басымды изедім. Осылайша, сол сәттен бастап әлі күнге дейін ойнап келе жатырмын.
- Хоккейдегі алғашқы қадамдарыңыз есіңізде ме?
- Шынымды айтсам, жоқ, мен тек 3 жаста едім. Мен хоккеймен айналысуға келіскенім мүлдем есімде жоқ. Сол кезде мүмкін осының бәрі соншалықты алысқа кетеді деп ойламаған шығармын. Мен қазір ойнағанды ұнатамын және бала кезімде осы спорт түрімен айналысуға келіскеніме қуаныштымын.
- Сізді кім жаттықтыра бастады және тағы қандай жаттықтырушылармен жұмыс істедіңіз?
- Менің алғашқы жаттықтырушым Николай Николаевич Суртаев болды, ол мені бітіруші түлек болғанға дейін жаттықтырды. Кейін Астанаға барып, Александр Григорьевич Березинскийдің «Барыс 2004» командасына қосылдым, сол жерде БЖСМ-ді бітіріп шықтым. Қақпашылар жаттықтырушыларына келетін болсақ, олардың саны өте көп. Мен тіпті бәрін есіме түсіре алмайтын шығармын. Бірақ жаттықтырушылардың әрқайсысы маған бір нәрсе үйретті, әсіресе Николай Николаевич. Барлық сіңірген еңбегі үшін оларға үлкен рахмет.
- Алғашқы жаттығулар және бастапқы даму жолы туралы не айта аласыз?
- Қазір оны еске түсіру тіпті күлкілі. Мен бір жыл бойы тіреуішпен коньки теуіп жүрдім, ол кезде мені хоккейге не тартқанын білмеймін.

- Өз даму жолыңызда қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
- Кейде менталды тұрғыдан өте қиын болуы мүмкін, бірақ ең бастысы — осындай қиын жағдайларда, ауыр сәттерде бәрін тастамау.
- Неліктен қақпашы, алаң ойыншысы емес? Қашан және қалай қақпада ойнай бастадыңыз?
- Білмеймін, мен тек қақпаға шыққым келді. Бүкіл отбасым мені айныттырғысы келді, тіпті ағам менің идеямды қатты қолдамады. Бірақ өзіме бұл позиция ұнады. Әлі күнге дейін қақпада ойнап келе жатырмын.
- Хоккейден басқа не істедіңіз және басқа спорт түрімен айналысуға қызығушылық болды ма?
- Хоккейді басқа спорт түріне ауыстырғым келгені есімде жоқ. Тек мектепте үстел теннисін көп ойнағанымды білемін. Бірақ, оны өзім үшін ғана ойнайтынмын.
- Сіздің маусым алдындағы жиындарға дайындығыңыз қалай өтті және өз қалпыңда болу үшін не істедіңіз?
- Шамамен 12-15 күн демалдым, кейін залда жаттықтырушымен жаттығуды бастадым. Бұл үйде отырудан әлдеқайда жақсы әрі жалықтырмайды. Содан кейін Павлодарға қақпашылар жиынына 10 күнге бардым, солай демалыс та аяқталды.

- Қарсылас командалар туралы не айта аласыз және команда маусымды қаншалықты сәтті бастады деп ойлайсыз?
Лига - өте маңызды. Барлығы жоғары жылдамдықта ойнайды, барлық позициялардан соққы жасай алады. Біз үшін мұндай ырғаққа кіруге ұзақ уақыт кетті, кейбір нәрселер ойдағыдай шыққан жоқ, көп ұтылдық. Қазір, әрине, әлдеқайда жеңіл. Қалайсыз ба, жоқ па, сіз бәрібір жоғары жылдамдықта ойнауға бейімделесіз.
- Сіз негізгі қақпашы ретінде өте ұзақ ойындар сериясын өткіздіңіз. Бұл немен байланысты және қатарынан көптеген матчтарды ойнау қалай?
- Тіпті білмеймін, қалай болғанда да бәрі ойдағыдай шықты. Қатарынан ойнау айтарлықтай қиын емес. Бастысы - тұрақты және тиімді ойнау, сонда ғана саған сенім пайда болады.
- Матчтар алдында өзіңізді қалай бағыттап, дайындайсыз? Қандай музыканы тыңдайсыз?
- Мен матчқа алдын ала дайындалсам, әдетте ол ойдағыдай өтпейді. Сондықтан арнайы белгілі бір рәсімдер жоқ. Мен әр түрлі музыканы тыңдаймын, негізі мен әнқұмармын.
- Сізді не немесе кім ойынға бағыттап, ынталандыруы мүмкін?
- Мүмкін жақындарым мен туыстарымның болуы. Жақындарыңыз көрермендер мінберінде немесе ойынды онлайн көріп отырғанын білсеңіз, бірден жеңілдік сезініп, толқулармен күресу оңайырақ болады.

- Бірнеше ойынға сіз қатысқан жоқсыз, тіпті ойын өтінімінде де болмадыңыз. Бірдеңе болып қалды ма?
- Біз сыртқы ойындардан қайтып келдік, мен сол кезде тамақ ауруымен ауырдым. Төрт күн бойы 38-39° температурамен жаттым. Қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін, өз қалпыма біртіндеп келе жатырмын.
- Сіз хоккейден бос уақытта қалай демалғыңыз келеді?
- Әдетте кітап оқимын, компьютер ойнаймын, инвестициялауда да қызығушылығым бар.
- Сіз тағамдардан не жегенді ұнатасыз, өзіңізге ас-тағам дайындайсыз ба немесе дайын тағамға тапсырыс бересіз бе?
- Мен сушиге тапсырыс бергенді ұнатамын, бірақ жиі емес, әйтпесе бұл денсаулыққа қауіпті.

- «Снежные Барсы» командасында және жалпы хоккейде өзіңіз үшін қандай мақсаттар қоясыз?
- Ересектер мен кәсіби лигалардағы жарыстар мүмкіндігінше жеңіл болу үшін осы лига аясында қабілеттерді жетілдіру қажет. Менің мақсатым – ҰХЛ-да ойнау, бірақ бұл үшін әлі де көп жұмыс істеу керек.
- Мұз айдынындағы және жалпы спорттық нәтижелерге қол жеткізуде сіз үшін кім немесе не жігерлендіруші күш болып саналады?
- Андрей Василевский, әлемде одан асқан дарынды қақпашыны білмеймін.
- Алға жылжуға көмектесетін белгілі бір ұран бар ма?
- Ештеңеден қорықпа, барлығы алдын ала белгіленген.
«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.