
"Барыстың" және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаков клубтық баспасөз қызметіне берген сұхбатында алдағы Әлем чемпионаты туралы үміттерімен бөлісті.
- Аркадий, команда Ригаға әлем чемпионатына дайындықтың соңғы кезеңі үшін келді. Қандай сезімдесіз?
- Біз Ригаға кеш келдік, ұйықтадық, демалдық. Сосын бірден жаттығуға бардық. Жалпы, барлығының жағдайы жақсы, командадағы атмосфера керемет. Барлығы ойнап, жеңіске жеткісі келеді, барлығы зарядталған.
- Жанкүйерлермен кездесіп үлгердіңіздер ме?
- Иә, бұл күтпеген жерден болды. Жаттығуға барар алдында қонақ үйдің жанындағы көшеде бізді жанкүйерлер қарсы алып, сәттілік тіледі. Қазақстанның Латвиядағы елшілігі бізді қолдап, жанкүйерлермен қарым-қатынас жасайтыны қуантады, мен олар ойындарға да барады деп ойлаймын. Бұл өте керемет.
- Сен соңғы бақылау жекпе-жегінде ойнаған жоқсың, не болды?
- Жарыс басталардан бір күн бұрын жаттығу кезінде аздап зақымдандым. Тексеруден кейін медициналық штабпен және жаттықтырушылармен осы екі ойынды өткізіп жіберген дұрыс, бірақ толық қалыпқа келген соң әлем чемпионатына дайын болу керек деп шештік.
- Алғашқы жаттығуды "Рига аренасында" өткіздік. Сіздерден кейін мұзды бірнеше рет құюға тура келді дейді?
- Иә, біз мұзды айтарлықтай бұздық (күлді). Жаттығу соңында көбісі жұмыс істеп, шайба жүрмеді. Астанада бізде қарқынды жаттығулар басталды. Жаттығулар қиын, алайда, олар негізін қалайды. Жаттықтырушылар штабының бізді матчтарға дұрыс формаға жетелейтін өзіндік дайындық жоспары бар. Олар біздің күш пен қуатқа толы болуымыз үшін бәрін жасайды. Сондықтан біз жүйелі түрде дайындалудамыз.
- Сен үшін бұл элитадағы үшінші әлем чемпионаты болмақ. Өзіңді ардагер деп санайсың ба?
- Көптеген жылдар бойы мен әлем чемпионатына барғым келді. Алайда, ұзақ уақыт бойы мен соңғы құрамаға кірген жоқпын. Енді мен бұған қол жеткізіп, құрамалардың ең мықты турнирінде үшінші рет ойнаймын.
- Астанада өткен әлем чемпионатында Беларусь құрамасының қақпасына кірген сенің шайбаңнан кейін элитаға жолдама алғанымыз есіңде ме?
- Әрине, бұл сәт есімде. Сол кезде мені бірінші рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына алды. Нәтижесінде мен осындай маңызды гол соқтым. Бізде сол кезде беларустармен бірінші орын үшін ойнаған ерекше финал болды. Эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Осыдан кейін мен "Барыспен" келісімшарт жасап, топ-дивизионда ойнадым. Алға қарай осындай маңызды қадам жасадым.
- Біздің құраманың құрамы айтарлықтай жаңарды. Осындай деңгейде өнер көрсетуде тәжірибесі жоқ жігіттер қалай сіңісті?
- Барлығы тырысып жатыр, көздері жанып тұрғанын көруге болады. Барлығы мұндай мүмкіндікке қуанышты, көбісі элитада бірінші рет ойнап жатыр. Иә, жігіттер жас, бірақ бұл олар үшін үлкен мүмкіндік. Олардың бастапқыда шеберлігі аз болып, тәжірибелерінің жетіспеушілігі әсер етуі мүмкін, бірақ олар бәрін өз жұмыстарымен өтейді. Барлығы ойынға шығуға асығады.
- Әзірге сен Старченко және Рымаревпен бірге үштікте жаттығып жүрсің. Екеуі де үлкен шеберлер, сонымен қатар, саған қорғаныста көп жұмыс істеу керек болады. Мұндай жағдайға дайынсың ба?
- Моральдық тұрғыдан мен бұған дайындалдым (күлді). Қорғаныста жұмыс істеп, тазалап отыру керек. Алайда, оларда алда мүмкіндіктер болған кезде, олар қолдарынан келгеннің бәрін жасап, гол соғатын болады. Бәріміз Рома мен Женяның шайбаны кез-келген тіпті жүз пайыз емес жағдайдан лақтыра алатынын білеміз.
- Кейбір қарсыластар өздерінің тізімдерін жариялады. Сен жаңалықтарды бақылап отырасың ба?
- Мен басылымдарға ерекше назар аудармадым. Канадалықтардың көпшілігінің ҰХЛ-дан келгенін және жақсы жас жігіттердің бар екенін көрдім. Олармен ойнап, өзімізге қараған қызықты болады. Негізінде, олармен бұрын ойнағанбыз және неге дайындалу керектігін түсінеміз.
- Әлем чемпионаттарындағы төрешілік ҚХЛ-дан өзгеше. Маусым бойынша өзіңе таныс ережелерді түсінуден ауысқан қиын ба?
- Мұндай турнирлерде төрешілер көбірек ойнатады, ойыннан тек жүз пайыз бұзғаны үшін шығарылады, ал кейбір сәттерді өткізіп жібереді. Маған, ең алдымен, лақтырулар көзіме түсті. ҚХЛ-да сырғытпа таяқпен кез-келген мерзімінен бұрын қозғалғаның үшін дереу ескерту жасалады, кідіріс пайда болады. Ал мұнда қарсыласуға мүмкіндік береді, блок жасауға немесе тіпті сырғытпа таяқпен ұруға болады. Бұл ойынды одан сайын қызықты етеді.
- Сен сияқты орталық ойыншы үшін бұл жақсы сәт пе?
- Әрине, басқаша ойлауға тура келеді, алайда бұлай ойнаған қызықтырақ. Әдетте жасай алмайтын кейбір сәттерді жасауға болады. Тағы да, өткен жылғы канадалықтармен болған матчты еске түсірсек, шайбаны әлі тастамаған, алайда олардың сырғытпа таяқтан ұрған немесе сенің жағыңа кіріп, корпус қойған сәттері де болды. Ойын матчтың бірінші секундынан басталып, бірден қыза түседі, бұл маған көбірек ұнайды.
- Бірінші қарсыласымыз - Норвегия, оларды Қазақстан құрамасы ресми турнирлерде бірде-бір рет жеңіп көрген емес. Бұл жағымсыз серияны қалай үзуге болады?
- Бұл туралы тіпті ойланудың қажеті жоқ. Тек шығып, ойнау керек. Жақсы команда жиналды, барлығы жергілікті жігіттер, барлығы бір-бірін біледі және қолдайды. Атмосфера керемет, менің ойымша, бұл біздің басты басымдығымыз болатын сияқты.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
"Барыс" ХК серіктесі - "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.