АНДРЕЙ НАЗАРОВ: «ЖІГІТТЕР ТЫРЫСУДА. ӨЗ ОЙЫНЫМЫЗДЫ ТАБУҒА МЕН ДЕ 100% СЕНІМДІМІН»
27 Тамыз 2016

АНДРЕЙ НАЗАРОВ: «ЖІГІТТЕР ТЫРЫСУДА. ӨЗ ОЙЫНЫМЫЗДЫ ТАБУҒА МЕН ДЕ 100% СЕНІМДІМІН»

Андрей Назаров «Барыс» ХК бас бапкері:

- Әріптесімді жеңісімен құттықтаймын. Осы ойынға дайындалып келдік. Жігіттерге, әсіресі жаңадан қосылған 13 ойыншыға ризамын. Сынақ ретінде оларды құрамаға арнайы кіргізген едік. Қазір біздегі ойыншылардың барлығы қазақстан хоккей мектебінің түлектері.  «Авангардқа» қарсы ойын өткізу тамаша тәжірибе. Алдағы уақытта бұл экспериментіміз жүзеге асады деген үміттеміз.

- Андрей Викторович, үш ойында 12 шайба өткізіп алдыңыздар. Тек 4 рет қарсылас қақпасын дәл тигізіп отырсыздар. Бұл көрсеткіш пе?

- Әрине алаңдамай отыруға еш негіз жоқ. Десе де жігіттер тырысуда, өз ойынымызды табуға мен де 100% сенімдімін. Олимпиадалық іріктеу бұл өзгеше хоккей. Ол жерде бізге жеңілрек болуы керек. Командаға жаңа қосылған ойыншылар менің болжамым бойынша Норвегияда лайықты өнер көрсетеді.   

- Сіз үшін ҚХЛ чемпионатынан қарағанда олимпиадалық іріктеу маңызды ма?

- Қазіргі таңда дәл солай.

- Құрам бойынша қандай да бір қорытынды жасалады ма?

- Қандай шешім болсын? Біз мақсатты түрде командаға 13 адам алдық. Оның жетуі ҚХЛ мүлде ойнап көрмеген. Қалғандарының өзі спорттық карьерасында 10  шақты рет қана ойнаған. Олардың арасындағылардың кейбіреуі Қазақстан чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсетсе, кейбіреуі ЖХЛ өзін дәлелдеген.   Жігіттерге ауыр, деседе тырысып жатыр. Әрине «Авангард» сияқты азулы қарсыласқа қарсы ойнауды жақсы түсінемін. Қазақстан біріншілігінен халықаралық лигаға өтудегі айырмашылық «жер мен көктей». 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan