АНДРЕЙ НАЗАРОВ: ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ КУБОГЫНА «КУНЬЛУНЬ» КОМАНДАСЫН ШАҚЫРАМЫЗ
28 Маусым 2016

АНДРЕЙ НАЗАРОВ: ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ КУБОГЫНА «КУНЬЛУНЬ» КОМАНДАСЫН ШАҚЫРАМЫЗ

Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубының бас бапкері Андрей Назаров Russia-Hockey.ru порталына өз командасының маусым алдындағы жоспарларымен бөлісуде. 

- «Барыс» үшін маусым шымылдығы түрілді. Болашағынан үміт күттіретін  клуб жүйесіндегі он бес жас хоккейші маусым айының 25-нен бастап жаттығу жұмысын бастады. Менің көмекшім Андрей Шаяновтың дайындаған жоспары бойынша жастар барлығын бастан-аяқ орындауда. Кейбір сынақтар нәтижесін  интернетте егжей-тегжейлі жариялаудың өзі Лига тарихында алғаш рет болып отыр.

Алдағы жоспар қалай болады?

- Шілденің үшіне қарай жастардың жиыны аяқталады. Одан кейін Астанада ашық есік күні өтеді. Сол жерде аралық нәтижеге қорытынды жасаймыз. Қонақ ретінде баспасөз және телеарнаны күтеміз. Қазақстандық БАҚ өкілдері мен қатар Ресейліктерге де есік ашық. Еуропалық футбол аяқталуға жақын. Сондықтан «Матч ТВ» енді Қазақстанға ұшып келе беруіне болады. «Барыс» жастарының жаттығу қорытындысы қызығушылық тудырады деп ойлаймын.  

- Жастардың айдындағы жаттығуына неге өзіңіз басшылық жасамайсыз?

- «Барыс» әрқашан Лига және кәсіподақ арасындағы келісімге сай жүреді. ҚХЛ регламенті бойынша бас бапкер мен негізгі құрамдағы ойыншылар,  чемпионат басталуға 50 күн бұрын жаттығуға кірісуіне құқығы жоқ. Осы мәселені жақында ғана ойыншылар мен бапкерлер кәсіподағының басшысы Андрей Коваленкомен тағы бір рет талқылаған болатынбыз.

Осылайша негізгі лагерь шілденің алтысы күні ашылады. Одан кейін маусым алдындағы турнирлер басталады. Алғашқы достастық кездесуді Швейцарияда өткіземіз.

- «Барыс» хоккейшілері үшін жоспарланған тосынсый бар ма?

- Жаттығу процесі қатаң түрде жоспарға сай жүргізіледі. «Жерде», зілтемір, жылдамдықты арттыру мақсатындағы жүктемелер және мұзда.  Дейтұрғанмен хоккейлі Қазақстанда тосынсыйлар расымен де дайындалуда.  

Кішкентай құпияның сырын ашайын: жаздың негізгі турнирі – Қазақстан президенті Кубогына біздің басшылық ҚХЛ жаңадан қосылған – «Куньлунь» клубын шақырды. Менің білуімше қытай жағы додға қатысу жөнінде алдын ала келісімін берген.

- Қытай жобасы Сіз үшін қаншалықты қызықты?

- Әлбетте, ресейдің хоккей билігі Лиганың Шығысқа қарай кеңейту болашағын ойлап отыр. Оның үстіне алдымызда осы аймақта Қысқы Олимпиада  ойындарын өткізу  сұранып тұр. Қытай командасының ҚХЛ тұңғыш ойынын Қазақстан президенті турнирінен бастауы тарихтағы жарқын сәттердің бірі болады деп отырмыз. Қызықты бастау болғалы тұр!

Дереккөз: Russia-Hockey.ru

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3