АНДРЕЙ НАЗАРОВ: «ЖАСТАР АЛҒА ҚАРАЙ ҮЛКЕН ҚАДАМ ЖАСАУҒА МІНДЕТТІ»
07 Тамыз 2016

АНДРЕЙ НАЗАРОВ: «ЖАСТАР АЛҒА ҚАРАЙ ҮЛКЕН ҚАДАМ ЖАСАУҒА МІНДЕТТІ»

Қазақстан Президенті Кубогы қарсыңында «Барыс» клубының бас бапкері Андрей Назаров Russia-Hockey.ru порталына сұхбат берді.

8 тамызда «Барыс» өз айдынында маусым алды турнирін бастайды. Осымен чемпионатқа дайындық аяқталды ма?

- Ия, дайындық кезеңін біз толық өткердік. Командаға салынған салмақ аз болған жоқ. Төрт бірдей бақылау ойынын өткізді. Швейцариядан келгеннен кейін сәл демалдық. Содан болар, Қазақстанда жиын ұйымдастырып жатқан «Куньлунь Ред Стар» командасымен болған жолдастық кездесуді ауыр өткізіп отырмыз.

8 тамыз өз жерімізде маңызды турнир басталады. ҚХЛ жаңа қосылған қытайлықтарға қарсы жақсылап дайындалып жатырмыз. Менің білуімше маусымның шымылдығын түргелі отырған жарысқа Астана қаласы мен күллі республика бойынша  аса маңызды. Қазірдің өзінде алты мыңдай билет сатылып кетіпті.

- Жарақат алып ойыннан шет қалып отырған орталық шабуылшы Дастин Бойдтың жайы қалай болмақ. Кеше клубтың ресми сайтында, ойыншының оралуына кем дегенде екі ай қажет депті?

- Жаздыкүні біз «Барыстың» жастар лагері туралы айтқан едік. Ондағы жаттығу жиынының қорытындысына біздің жастар жақсы қалыпта келді және ардагерлерге жақсы бәсекелес болды. Жағдай тіпті форс-мажорлы күйде болып отыр. Бұл ретте жастар алға қарай үлкен қадам жасауға міндетті.  Және олар оны жасайды дегенге сенімдімін.

- Әңгіме сонда кімдер туралы айтылып отыр?

- Тақырыпты шабуылдан бастаған екенсіз, олай болса Нұрсұлтан Белгібаева, Дмитрий Гренц, НикитаМихайлис, Ярослав Евдокимов, Иван Кучиндерді алда маңызды маусым күтіп тұр.

Оның үстіне чемпионатқа орталық алаңдағы ойыншылардың толық жаңартылған қалпында шыққалы отырмыз. Бүгін олардың көрінісі былай: капитанымыз Брэндон Боченкси. Бойдтың орнына Никита Иванов, Максим Худяков, Гренц, Кучин қоюды жоспарлап отырмыз. ҚХЛ бірде-бір клуб ойынның негізгі бөлігіне жауап беретін орталық шепті мұндай толық өзгерісін бастан өткермеген болар.

- Енді қорғаушылар жайында.

- Қорғаныс туралы айтар болсам, Мадияр Ибрайбеков, Данияр Қаиров, Илья Лобановтардың уақыты келді. Оған қоса Дамир Рыспаев ҚХЛ картасында өз орынын анықтап алуды жалғастырады.  

Осылайша, шілдедегі жастар лагерін қорытындылайтын болсақ, тоғыз бірдей Қазақстандық жас хоккейші клубтың базасына еніп отыр.  

Бөспе сөзді ұнатпаймын, десе де бұл клубтық және ұлттық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда айтарлықтай көрсеткіш.  

- Олимпиадалық турнир және әлем чемпионатының бірінші дивизионына іріктеу қарсаңында жаппай өзгеріс енгізу тәуекелге бару емес пе?

- Бізде басқа жол жоқ. Стратегиялық тұрғыда буын алмастырмасақ болмайды.

- Жаңа маусым қарсаңында «Барыс» формасының жаңа дизайнын таныстырды. Интернетте ол кең көлемде талқыланды...  

- Таңбадағы белгілі бір символдан – жаңа маусымның басталуын және жастықты, әрі стильді қалыппен енуді байқап отырмын (күлді).  

Бұған дейін де  қазақстандық команданың формасы ҚХЛ көзтартатындай еді. Енді біз бұл бәсекеде тіпті көшбасшы болып алдық. Эмблемасы мен графикасы да стильді әрі жинақы жасалған. Дизайнерлер мықты жұмыс істеген. Енді соған лайықты болуға міндеттіміз.

Дереккөз: Russia-Hockey.ru

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан – Швейцария 2:3

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Украина – Қазақстан 3:5