АЛЕКСАНДР ЛИПИН: «БІЗДЕ МҮМКІНДІК БАР»
09 Наурыз 2017

АЛЕКСАНДР ЛИПИН: «БІЗДЕ МҮМКІНДІК БАР»

- Александр, дайындық қалай жүріп жатыр? Қалыпқа келіп алуға уақыт жеткілікті болды ма? Қалай дегенмен де «Магнитка» жаттығуды ерте бастады ғой.

- Ия, уақыт жеткілікті болды. «Магниткамен» кездесуге ынтамыз зор. Тыңғылықты дайындық жүргізіп жатырмыз.

- «Трактормен» болған сериялық кездесудегі шешуші ойында жеңіске жететін мүмкіндікті түсінуге болды ма?

- Меніңше, бұл үшінші ойында болды. Қос команда да барын салып ойнады. Сол кездесуде біз жеңіске жеттік. Ия, одан кейін төртінші ойында біз ұтылып қалдық. Бұл жерде «Трактордың» жеңісі емес, ойын тізгінін өзіміз беріп қойғанымызда болды. Төртінші кездесуде алдыңғы, үшінші матчтағыдай ойнасақ ұтатындығымызды түсіндім. Ия, бесінші кездеуде бізге сәттілік серік болды. Соған қарамастан сериядағы ойын заңдылығы орынды.

- Мозякин, Коваржа және Зариповке «Барыс», оның ішінде Александр Липин қалай тосқауыл болады?

- Бірдеңе қалармыз. (күледі) Бізде әлі бірнеше жиын болады деп ойлаймын. Видеоларды көреміз. Біз олармен маусымда екі ойын өткіздік. Бірін жеңсек, бірінде жол бердік. Осы ойында «Магнитка» хоккейшілері бізді көтеріп әкете алмады. Және де плей-офф қалай дегенмен де плей-офф. Мен Роман Савченконың сұхбатын оқыдым. Ол барлығын дұрыс айтты. 0:0-ден бастаймыз, ары қарай көре жатармыз. Алғашқы ойын сырт айдында болады. Маусым барысында бізге сенім артылмаған еді. Біз «Шығыста»  төрттікке шықтық. Ары қарай ойнау оңайға түсер. Ал «Магниткадан» алтын күтіп отыр. Қалай дегенмен де біз серияны нөлден бастаймыз. Меніңше оны еңсеру біздің қолымыздан келеді. Егер де біз «Трактормен» бірінші және үшінші кездесудегідей барамызды салып ойнайтын болсақ, қарсыласты қапы қалдыра аламыз.

Дереккөз: presidential-club.com

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan