
«Барыстың» шабуылшысы Александр Борисевич Қазанда өткен турнирде алғашқы матчын өткізіп, «Трактормен» өткен кездесуді қорытындылады.
- Ойынға қайта оралғаныма қуаныштымын. Өкінішке орай, жеңіліп қалдық, бірақ бәрі жақсы. Алда маусымның басталуына дейінгі матчтар бар. Енді ең бастысы ойынды реттеу, жаттықтырушы берген нұсқауды орындау сонда бәрі жақсы болады.
- Бүгін мұз айдынында көзге түскен ойыншылардың бірі болдыңыз. Жақсы пастар беріп, қарсылас ойыншылардың тәртіп бұзуына себепкер болдыңыз.
- Бәлкім, бүгінгі жағдай осыны талап еткен шығар. Ойынды қолға алуға, көшбасшылық қасиеттерді танытуға тырысу керек. Әр матч сайын ойынды жақсарту керек. Бүгін сәттер болды, өкініштісі, олар голға ұласпады.
- Старченко және Қайыржанмен өзара қарым-қатынасыңызды қалай бағалайсыз?
- Роман енді ғана қайтадан ойнай бастады, ол жиындарда өз бетінше көп жұмыс жасады. Бірақ Қазанға барар алдында бізді бірге қойды. Біз ойын жаттығуларын өте жақсы өткіздік және буынды осындай құрамда қалдырдық. Менің ойымша, бүгін жақсы ойнадық.
- Алда «Ақ Барспен» кездесу күтіп тұр. Мұндай күшті қарсыласты қалай жеңуге болады?
- Иә, «Ақ Барс» өте мықты команда. Барлық төрт ойын буыны шебер ойыншылардан жасақталған. Қателерді жою керек, нұсқау бойынша әрекет ету керек. Біз тек алға ұмтылып, жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.