Алекс Грант «Барыс» хоккей клубына ауысты
22 Қараша 2022

Алекс Грант «Барыс» хоккей клубына ауысты

«Барыс» хоккей клубы Алекс Грантпен келісімшартқа қол қойғанын ресми мәлімдейді. Канадалық қорғаушымен жасалған бір жақты келісімшарт биылғы маусымның соңына дейін есептелген.

Қорғаушы кәсіби мансабының көп бөлігін Америка хоккей лигасында өткізген. 2018 жылдан бері Грант Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп келеді. Төрт жыл бойы Алекс «Йокерит» сапында ойнап, нәтижелі ойыншылардың бірі болған. Өткен маусымда спортшы Канада ұлттық құрамасымен бірге Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті.

Биылғы маусымды қорғаушы СКА командасында бастап, 16 ойында 6 (1+5) ұпай жинады. Грант «Барыста» 51-нөмірмен ойнайды.

Алекс Грант

Амплуа: қорғаушы

Туған жылы: 20.01.1989.

Ойын таяғын ұстауы: оңқай

Бойы: 191 см.

Салмағы: 95 кг.

 «Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 «Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
12 фото
Tomiris

Айсулу - Томирис