«Адмирал» - «Барыс» матчынан кейін (2:3) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Олег Болякин, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы
- Бұл жеңіске қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Осыған дейін бізде ұзаққа созылған жеңілістер сериясы болып еді. Осыған дейін айтқанымдай бізде гол соғуға жеткілікті сәттер бодв, тек сәл-пәл сәттілік жетпей жатты. Бүгін хоккей Құдайы біздің жағымызда болды. Керек кезде Паскуале керемет ойнады, әсіресе ойын басында ол команданы ойында ұстады. Қарсылас гол соғатын жеткілікті сәттерді жасады, бірақ біздің қақпашының шеберлігі ойынды біздің пайдамызға аяқтауға мүмкіндік берді.
- Екі команда да, өкінішке орай, плей-оффтан тыс қалды, бірақ бүгінгі ойын тамаша болды, плей-офф деңгейінде өтті десе де болады. Мұндай қарқынмен ойнауға не себеп?
– Ен алдымен, біз жанкүйерлеріміз үшін ойнаймыз, сондықтан жігіттерден барын салып ойнауды сұрадық. Біздің жанкүйерлеріміз жеңісті күтіп қалғандарын ойыншыларға жеткіздік.
– Екінші кезеңде қақпаға бағытталған соққылар бойынша «Адмирал» командасы 19-1 есебімен алға шыққан да сәт болды, бірақ кезеңнің орта тұсында «Барыс» мүлдем басқаша ойнай бастады.
– Біз ойын схемасын өзгерттік, себебі бүгін көрсеткіміз келген хоккей үшін бізде ойыншылар құрамы жетпеді. Сондықтан жарнамалық үзіліс болған кезде біз команданың ойын схемасын өзгерттік және түбінде бізге сол схема жеңіс әкелді.
- Команда көшбасшыларының, ең алдымен легионерлер көрсеткен ойынға көңіліңіз тола ма?
- Легионерлер бұл екі ойынды өте жақсы өткізді. Егер бізде олар сәл көбірек болғанда, нәтиже де жақсырақ болар еді. Біздің Червени, Грант сияқты ойыншылардың жарақат алып қалғанын бәрі біледі, отбасындағы жағдайға байланысты Скленичка келе алмады. Сондықтан ойынға шығатын буын құрамдарын өзгертуге мәжбүрміз, осылайша жағдайды түзетуге тырысып жатырмыз. Бірақ біз гол соғуға болатын сәттерді көптеп жасадық: үй айдынында «Амурмен» тең ойнадық, СКА командасына тек буллиттер сериясында жол бердік. Гол соқпастан ойнау қиын, ал бүгін көп гол соқтық сондықтан жеңілдеу болды.

Леонид Тамбиев, «Адмирал» командасының бас жаттықтырушысы
- Қиын, эмоция деген тасып тұр. Ойындағы есептен басқасының бәрі ұнады. Соққы жасауға көп дайындалып, ұзақ шешім қабылдадық. Гол соғатын сәттер көп болды, бірақ ол сәттерді голға ұластыра алу керек. Мысалы, біз соққан екінші голды алып қарасақ, қақпашының жанынан, айла құлықпен, жақсы соққы болды. Тезірек шешім қабылдау керек. Ойын барысында басым болдық, 50 рет қақпаға соққы бағыттадық, қап, әттеген-ай дегеннен басқа не айтуға болады. Егер ойын соңында Шулак қуылмағанда, таразы басын теңестіретін мүмкіндік болды. Әдемі болар еді, бірақ сәл жетпей қалдық.
- Кеше сіз бірінші және екінші кезеңде ойыншыларыңыз көрсеткен ойын өрнегіне көңіліңіз толмағанын айтқан болатынсыз, дегенмен жеңіске жеттіңіздер. Бүгін қателіктермен жұмыс жасағанмен, бірақ үшінші кезеңде ғана гол соға алдыңыз. Не болды?
- Менде бұл сұраққа жауап жоқ, мұндай ойындар болып тұрады. Бүгін қарсылас команда көп гол соғып кетті. Иә, біз бірінші және екінші кезеңде ойындағы басымдыққа ие болдық, бірақ есеп таблода.
- Қақпашыларды екі рет ауыстыру орын алды. Ивановқа не болды?
- Ол екінші кезеңде жарақат алып қалды. Жарақаттың қаншалықты ауыр екенін білмеймін, көреміз.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.