«Адмирал» - «Барыс» матчынан кейін (4:2) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Олег Болякин, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы
- Екі кезең бойы ойын тең болды. Үшінші кезеңде ойыншылар бір айдан бері жасап жүрген қателіктерін тағы да жасай бастады. Шыдамады, ойыншылар ойыннан қуылып, өз секторларын қорғаусыз қалдырып жатты. Өкінішке орай, гол жіберіп алдық. Талдап, қайта қараймыз, қайта үйренеміз. Жұмысымыз осы ғой.
– Екінші кезеңде команда жақсы нәтижеге қол жеткізді – таразы басын теңестіріп қана қоймай, есепте алға шықты. Үшінші кезеңде не болып қалды?
- Менің ойымша, біздің жастар сескеніп қалды. Шамасы, олар «Адмирал» командасы көрсете бастаған қысымға төтеп бере алмай қалған. Жоқ жерден шайбадан айырылып қалып жаттық, мүлде жоғалтуға болмайтын сәттерде жоғалта бастадық. Шабуылда ойнауды қойып, өз орындарына оралуды тастады. Бұл өз кезегінде жеңіліске әкелді.

Леонид Тамбиев, «Адмирал» командасының бас жаттықтырушысы
- Матч біз үшін қиын басталды. Бірінші кезеңде жақсы ойын өрнегін көрсете алмадық, екінші кезең одан бетер қиын болды. Қарсылас барлық ойын аспектілерінде басым болды. Біз бұл негізгі компоненттерде нашар ойнадық. Екінші кезеңнен кейін жігіттерге ойымызды жеткізе алдық, содан үшінші кезеңде ойын тізгінін қолға алдық. Күреске толы сәттерде жеңіске жетіп, қарсыластың аймағында көп уақыт өткіздік, жеңіске жеткеніміз де сондықтан болар. Гол бұл өзімізге жасаған сыйлығымыз болды, себебі үшінші кезеңде ойдағыдай ойнадық, әсіресе шабуылда бәрін дұрыс жасадық. Сонымен, үшінші кезеңде көрсеткен ойынымызды мақтан етемін.
- Жаңа жылдан кейінгі соңғы айда команда өте жақсы ойнай бастады, ұпай жинап, ойын өрнегі де жақсарды. Чемпионаттың аяқталуына сәл ғана қалғанына өкінбейсіз бе?
– Мен бұған күн сайын өкінемін, қаншалықты өкінетінімді тіпті елестете де алмайсыз. Ойымда өткен ойындарға үнемі көз жүгіртіп, әттең осы жерде осылай ойнағанда ше деп ойлап отырамын. Маусымды осылай аяқтап жатқанымызға жүрегім аурады. Барлық ойын тұстарына қатысты енді дұрыс қорытынды жасау керек. Келесі маусымда дәл осындай қателерге жол бермеуге тырысатын боламыз. Мен бұны жаттықтырушылар штабы туралы айтып отырмын.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.