Маусымға билеттер сатыла бастады
14 Тамыз 2019

Маусымға билеттер сатыла бастады

“Барыс" хоккей клубы 2019-2020 жылдар маусымына абонементтер сату басталғанын қуана хабарлайды.

Абонемент деген не?

Абонемент - бұл әр ойынға жеке билет сатып алу туралы ойламауға ғана емес, сонымен бірге олардың жалпы құнынан нақты жеңілдікке мүмкіндік беретін барлық матчтарға арналған бірыңғай билет.

Өткен маусымның барлық түрдегі абонементтердің иелері 15 және 16 тамызда өз орындарын сатып алуы қажет. Осы күндерден кейін барлық сатып алынбаған орындар еркін сатылуға қойылады. 2019/20 жылдар маусымының жекелеген матчтарына арналған билеттерді шамамен 23 тамыздан бастап сатып алуға болады.

Абонементтер тек мұз алаңының кассаларында ғана сатылады.

Кассалар күн сайын демалыссыз және түскі үзіліссіз сағат 11:00 бастап 20:00 дейін жұмыс істейді. 

Телефон: +7 (7172) 61 35 19

 "Чемпионат" абонементін сатып алу үшін кассада сауалнаманы толтыруы, сондай-ақ өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы қажет. Егер сіз өзіңіз үшін ғана емес, сонымен бірге туыстарыңыз, достарыңыз немесе әріптестеріңіз үшін абонемент сатып алғыңыз келсе, ол үшін сауалнаманы өз қолыңызбен толтыруыңыз, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынуыңыз қажет.

Бұдан басқа, біз «2 қыркүйекке дейін абонемент сатып ал және Даррен Диц және Дастин Бойд бірегей ойын джерсиінің ұтыс ойнына қатыс» акциясын іске қосып отырмыз.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan