Абай Маңғысбаев алдағы екі маусым «Барыста» өнер көрсетеді
15 Шілде 2023

Абай Маңғысбаев алдағы екі маусым «Барыста» өнер көрсетеді

«Барыс» хоккей клубы Абай Маңғысбаевпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Екіжақты келісімшарт екі маусымға 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.

Маңғысбаев 2017 жылдан бері «Барыс» жүйесінде өнер көрсетіп келеді (2019/20 жылдар маусымын есепке алмағанда). Өткен маусымда шабуылшы «Номад» құрамында 36 кездесу өткізіп (плей-оффты қоса алғанда), 5 (3+2) ұпай олжалады. Мамырда Абай элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасады.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы