Барыс - Северсталь матчы алдында
25 Қараша 2026

Барыс - Северсталь матчы алдында

Қараша айындағы өз алаңындағы соңғы матчта «Барыс» «Северсталь» командасын қабылдайды.

Череповецтік ұжым Қазақстан астанасына қатарынан алты жеңіспен келді. Дүйсенбі күні команда Новосібірде «Сібірді» 4:2 есебімен жеңді. Қонақтар сапында Егор Степанов, Иван Подшивалов, команданың үздік сұрмергені Руслан Абросимов (9+10) және Адам Лишка гол соқты. Соңғысы қарсыластың өз қақпасына қарай бағытталған шабуыл кезінде оған қарсы ереже бұзылғандықтан, бос қақпаға соққы жасамай-ақ есепке жазылған голдың авторы атанды. Всеволод Скотников 27 соққыға тосқауыл қойды. Андрей Козырев ойынның мазмұны бапкерлер штабы күткендей болмағанын, алайда шәкірттерінің мінез таныта білгенін атап өтті.

«Северсталь» 29 матчтан кейін 38 ұпай жинады. Команданың жарақат алған ойыншылары қатарында Николай Буренов, Егор Граф, Тимофей Давыдов, Иван Окунев, Эмиль Пьянов, Иван Ремезовский және Геннадий Чалый бар.

«Барыс» өткен турда өз алаңында минскілік «Динамоға» 1:2 есебімен жол беріп, жеңіліс сериясын үш матчқа дейін ұзартты. Команданың жалғыз голын чемпионаттың үздік сұрмергені әрі бомбардирі Джастин Бэйли (18+11) соқты. Андрей Шутов қақпаға бағытталған 17 соққыны қайтарды. Михаил Кравец ойыншылары қауіпті сәттерді жеткілікті мөлшерде жасағанымен, тағы да мүмкіндіктерді сәтті пайдалана алмағанын айтты.

Қазақстандық команда ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы өнерін 29 матчтан кейінгі 29 ұпаймен жалғастыруда. Чейз Приски (5+17) маусымның ең нәтижелі үш қорғаушысының қатарына кіреді. Дамир Бритиков бірінші дивизиондағы U-20 әлем чемпионатына дайындықты бастаған Қазақстан жастар құрамасының орналасуына шақырту алды. Осыған байланысты қорғаушы «Барыстың» ҚХЛ аясындағы алдағы матчтарын өткізіп алады.


«Барыс» - «Северсталь» матчы Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

Тікелей трансляция KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Match day HOME (2).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс бірінші орнын нығайтты

new-preview
Barys

Барыс минскілік Динамоға есе жіберді

new-preview
134 фото
Barys

Барыс - Динамо Мн