Снежные Барсы екінші ойында Спутниктен жеңілді
15 Қыркүйек 2025

Снежные Барсы екінші ойында Спутниктен жеңілді


«Снежные Барсы» «Спутникке» қарсы өткен қайта ойында алаң иелеріне 2:4 есебімен жол берді.

Бірінші кезеңде гол соғылмады. Ал екінші жиырма минуттықта Даниил Архиповтың ойыншылары ойын тізгінін қолға алды. Кирилл Кутузов екі рет мергендік танытып, екінші шайбасын артықшылықта жүзеге асырды. Үшінші кезеңнің басында Андрей Митяев пен Карим Исмагилов есепті ұлғайтып, «Спутникке» сенімді басымдық әкелді.

Астаналықтар тек матч соңына қарай есепті қысқартты. Қорытынды сиренаға алты минут қалғанда Роман Двуреченский Айтуар Нуржановтың пасынан кейін қарсыластың қақпасын дәл көздеді. Ал матчтың аяқталуына 40 секунд қалғанда Александр Симахин көпшілікте шайба соғып, ойынға нүкте қойды.

Антон Васиннің ойыншылары енді қыркүйектегі сырт алаңдағы серияның соңғы кездесулері Нижнекамскіде күтеді.

«Спутник» – «Снежные Барсы» 4:2 (0:0, 2:0, 2:2)

1:0 – 23:55 Кутузов (Тазиев)

2:0 – 33:12 Кутузов (Зарипов) АГ

3:0 – 41:51 Миляев (Нұрғалиев, Троянов)

4:0 – 49:09 Исмагилов (Гимадиев)

4:1 – 54:44 Двуреченский (Нұржанов)

4:2 – 59:20 Симахин (Двуреченский, Бритиков) АГ

Қақпашылар: Тычкин – Дударкиев

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

new-preview
Barys

Семён Симонов ҚХЛ-де 50 матч өткізді

new-preview
Barys

Барыс чемпионат көшбасшысына есе жіберді