Бүгін «Снежные Барсы» Жастар хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді. Астаналықтарға қарсылас болып «Академия Михайлова» намысын қорғайтын «АКМ-Новомосковск» командасы шықты.
Қонақтар ойын тізгінін бірден қолға алды. 7-минутта Данила Красин дәл соққымен есеп ашты. Көп ұзамай Ярослав Домрачев басымдықты еселей түсті. Екінші кезеңде «АКМ» шабуылдары тіпті нәтижелі бола түсті. Бөлім басталысымен-ақ Богдан Онискив пен Иван Кажарин көзге түсті, ал кезеңнің ортасында Кажарин дубль авторы атанды.
Астаналықтардың соққысы тек кезең соңында ғана жүзеге асты: Матвей Терентьев азшылықта шайба соқты. Үшінші кезеңде де қонақтар қарқынын бәсеңдетпей, Кирилл Чеботаев пен Савелий Семенцовтың голдарымен есепті ірі айырмаға жеткізді. Тек матчтың соңында «Барыстардың» жанкүйерлерін қуантқан сәт туды. Алихан Бахыт МХЛ-дегі алғашқы шайбасын соғып, команда үшін маусымдағы алғашқы голды тіркеді.
Ойын нәтижесі - 1:8 «АКМ-Новомосковск» пайдасына. Қос команда ертең қайта кездеседі. Кездесу Астана уақытымен 16:30-да «Барыс Аренада» басталады.
«Снежные Барсы» - «АКМ-Новомосковск» 1:8
0:1 – 07:34 Красин (Пономарёв)
0:2 – 15:08 Домрачёв (Богданов, Рыжков)
0:3 – 21:26 Онискив (Домрачёв, Рыжков)
0:4 – 22:14 Кажарин (Онищенко, Бояркин)
0:5 – 29:45 Кажарин (Бояркин, Онищенко)
0:6 – 35:28 Терентьев (Семенцов) АГ
0:7 – 45:24 Чеботаев (Провоторов)
0:8 – 46:08 Семенцов (Крутенков)
1:8 – 47:28 Бахыт (Амангалиев)
Қақпашылар: Қуат – Скрябин
Бас төрешілер: Василий Савельев, Максим Строганов
Қапталдағы төрешілер: Андрей Нуждёнов, Вячеслав Збродько
Өтетін орны: «Барыс Арена» (Астана), 310 көрермен
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.