«Барыс» хоккей клубы тәжірибелі шабуылшы Роман Старченкомен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін, бір маусымға есептелген.
Қазақстандық хоккей аңызы клуб сапында өзінің 17-маусымын өткізбек. Айта кетейік, Старченко – Құрлықтық хоккей лигасы тарихында бір клубтың құрамында ең көп матч өткізген ойыншы (810 кездесу). Сондай-ақ, ол КХЛ-де 800 матч межесінен асқан санаулы хоккейшілердің бірі. Сонымен қатар, ол КХЛ-де 800 матч шегінен өткен оныншы хоккейші.
Өткен маусымда «Барыс» капитаны 27 ойында 12 (4+8) ұпай еншіледі. Қазіргі уақытта Роман — клуб тарихындағы екінші үздік сұрмерген. Оның қоржынында 211 шайба бар.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.