5–8 қараша аралығында Өскемен қаласында әйелдер арасындағы хоккейден Азия чемпионаты өтеді. Турнирге Қазақстан құрамасымен қатар Жапония, Қытай және Оңтүстік Кореяның ұлттық құрамалары қатысады.
Халықаралық хоккей федерациясының әйелдер рейтингінде Жапония құрамасы 7-орында, Қытай - 12-орында, Корея - 18-орында тұр. Ал біздің құрама 22-орынды иеленген (соңғы жаңарту – 2024 жылдың сәуір айында). Айта кетсек, рейтинг Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары және іріктеу турнирлеріндегі төрт жылдық нәтижелер негізінде жасалады.
Қазақстан құрамасының соңғы тізіміне «Томирис» клубының сегіз ойыншысы енді. Сондай-ақ ұлттық құраманы елордалық ұжымның өкілдері Александр Тебеньков пен Жасұлан Оразбаев жаттықтырады.
Қақпашылар: Вероника Агеева, Полина Говтва (екеуі де «Торпедо»), Арина Щёколова («Томирис»).
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Дария Молдабай (А), Александра Воронова (барлығы – «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де «Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова (барлығы - «Айсулу»).
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова (А), Пернеш Ашимова, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсулу»), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы (барлығы – «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева (К), Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы - «Томирис»), София Муравьёва, Мадианна Нусупова (екеуі де «Айсулу Таңдаулы»).
Бас бапкер – Александр Тебеньков.
Бапкерлер: Жасұлан Оразбаев.
Қақпашылар бапкері – Дарья Дмитриева.
ОФП бапкері – Дмитрий Колодюк.
Бас менеджер – Виктория Сазонова.
Астана уақытымен матчтардың кестесі:
5 қараша, 19:30 Қазақстан – Жапония;
7 қараша, 17:30 Қытай – Қазақстан;
8 қараша, 17:30 Корея – Қазақстан.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.