Бүгін «Снежные Барсы» «Спутникпен» кездесіп, жеңілістер сериясын тоқтатты. Көптеген голдарға толы ойында астаналықтар қарсыласының қақпасына 9 шайба соғып, 7 шайба жіберіп алды да, екі шайбалық айырмашылықпен жеңіске жетті.
Бірінші минуттардан бастап ойын жоғары қарқында өтті, командалар алма-кезек алға шығып отырды. Никита Ситников дубль авторы атанса, Тимур Миндубаев Тольяттидегі дебюттік голынан кейін маусымдағы екінші рет көзге түсті. Алғашқы кезең жаппай төбелеспен аяқталды: Александр Симахин мен Алихан Бахыт дөрекілігі үшін екі минуттан алды, Рати Дурглишвили он минуттық айыппен жазаланды, ал Санжар Ибрагим жалпы 27 минуттық айып алып, матчтың соңына дейін мұз айдынынан кетуге мәжбүр болды.
Екінші кезеңде Егор Кравченко дубль жасады, ал Роман Двуреченский, Дамир Бритиков және Амирхан Шегебаев МХЛ-дегі алғашқы шайбаларын соқты. Соңғы жиырма минутта Двуреченский тағы бір рет көзге түсіп, матч барысында командадағы үшінші дубльдің авторы атанды.
Ертең Антон Васин ойыншылары тағы да «Спутникке» қарсы мұз айдынына шығады. Ойын Астана уақытымен 20:30-да басталады.
«Спутник» – «Снежные Барсы» 7:9 (3:3, 2:5, 2:1)
1:0 – 05:44 Тазиев (Троянов, Кутузов) АГ
1:1 – 06:26 Ситников (Двуреченский, Бритиков) АГ
2:1 – 11:39 Кутузов (Царегородцев)
2:2 – 13:27 Миндубаев (Киреев)
2:3 – 14:10 Ситников (Бритиков) АГ
3:3 – 16:43 Хусаенов (Лесников, Зарипов)
3:4 – 20:14 Кравченко
4:4 – 22:07 Троянов (Гатауллин, Левагин)
4:5 – 24:57 Кравченко (Шипилин, Двуреченский) АГ
4:6 – 36:19 Двуреченский (Ситников) АГ
4:7 – 37:28 Бритиков (Кабдуали, Симахин) АГ
5:7 – 38:30 Кутузов (Чистоусов)
5:8 – 39:44 Шегебаев (Киреев)
6:8 – 50:04 Гимадиев АГ
7:8 – 50:16 Кутузов (Тазиев)
7:9 – 55:47 Двуреченский АГ
Қақпашылар: Тычкин (14:10 – 40:00 Кузнецов) – Куат (22:07 – 60:00 Ряшин).
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.