Торпедо - Номад матчы алдында
06 Қазан 2026

Торпедо - Номад матчы алдында

«Номад» сырт алаңдағы ойындар сериясын Өскеменде бастайды. Елордалық команда жергілікті «Торпедоға» қарсы ойнайды.

Алексей Ждахин ойыншылары Атыраудағы сырт алаңдағы сериясын аяқтап, «Бейбарысты» екі рет жеңді. Алғашқы кездесуде 4:3 есебімен басым түсіп, Степан Рифель, Данил Бутенко, Павел Жирнов және Дмитрий Гренц гол соқты. Екінші ойында «Номад» ірі есеппен 9:2 есебінде жеңіске жетті. Бұл кездесуде Диас Гусейнов, Павел Жирнов, Федор Хорошев, Степан Рифель, Михаил Рахманов, Станислав Боровиков және Дмитрий Быков мергендігімен көзге түсті.

«Номадпен» кездесер алдында «Торпедо» 14 ойыннан кейін 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр.

Ал елордалық ұжым өз алаңындағы сериясын Петропавлдың «Құлагеріне» қарсы ойындармен аяқтап, бұл кездесулерде де екі рет жеңіске жетті. Алғашқы матчта Асанәлі Сәркенов Қазақстанның ересектер арасындағы чемпионатындағы алғашқы шайбасын соғып, дубль жасады. Сонымен қатар Хақназар Кеңесбай мен Әділ Бейсембаев та гол авторлары атанды. Кездесу «Номадтың» 4:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Екінші ойында «көшпенділер» жеңіске тек буллиттер сериясы арқылы жетті. Негізгі уақытта 5:4 есебімен аяқталған кездесуде Асанәлі Русланұлы, Даниил Цыбин, Кирилл Никитин және Темірлан Китаров гол соқты. Жеңісті буллитті Асанәлі Сәркенов орындады.

Қазіргі таңда «Номад» 14 матчтан кейін 27 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап тұр.

Ойынның басталуы - 18:30.

Кездесудің тікелей трансляциясын Ligasy TV YouTube арнасынан көруге болады.

IMG_6193.png

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Қазақстан құрамасы - Азияның үш дүркін чемпионы!

new-preview
Barys

Барыс Амур қақпасына шайба соға алмады

new-preview
9 фото
Barys

Амур - Барыс