«Барыс» қазан айындағы алғашқы түздегі ойындар сериясын Челябинскіде аяқтайды.
«Трактор» өз алаңындағы «Барыспен» алғашқы кездесуіне қатарынан төрт матчта жеңіліс тапқан сериямен келіп отыр. Дүйсенбі күні олар Минскіде «Динамоға» 1:4 есебімен есе жіберді. Команданың жалғыз голын Пьеррик Дюбе соқты. Қақпашы Крис Дригер қарсыластардың 24 соққысын қайтарды. Бас бапкер Бенуа Гру ойыншыларға ұсақ-түйек сәттерде мұқият болып, форчекинг пен аймақтан шығу кезіндегі әрекетті жақсарту қажет екенін айтты.
13 матчтан кейін «Трактордың» қоржынында 14 ұпай бар. Джошуа Ливо (4+11) қазіргі таңда Лиганың екінші сұрмергені және ең үздік пас берушілердің бірі саналады. Ал Григорий Дронов (5+5) – осы маусымдағы ең нәтижелі қорғаушылардың қатарында.
Ал «Барыс» өткен ойында Қазанда «Ак Барсқа» қарсы кездесуде 0:4 есебімен жеңіліп жатып, есепті теңестіре жаздады. Бұл ойында Дінмұхаммед Қайыржан маусымдағы алғашқы шайбасын соқты, сондай-ақ командадағы ең нәтижелі ойыншы Майкл Веккьоне (5+6) мен Всеволод Логвин де көзге түсті. Иэн Маккошен «Барыс» сапындағы алғашқы нәтижелі пасын берді. Қақпашы Адам Шил 24 сейв жасады. Ал Әділ Бекетаев КХЛ-дегі 200-ші ойынын өткізді. Бас бапкер Михаил Кравец команда жақсы ойнағанын, бірақ мұндай қарсыласты жеңу үшін бұл жеткіліксіз болғанын айтты. Қазір «Барыстың» еншісінде 13 кездесуден кейін 12 ұпай бар.
Биылғы маусымдағы бұл екі команданың алғашқы кездесуі Астанада өткен еді. Ол кезде астаналықтар чемпионаттағы алғашқы ойынында овертаймда 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.
«Трактор» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясы KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.