Торпедо – Барыс матчы алдында
06 Қаңтар 2026

Торпедо – Барыс матчы алдында

«Барыс» 2026 жылдағы алғашқы сырт алаң сериясын Нижний Новгород қаласында бастайды.

«Торпедо» жаңа жылдағы матчтар бағдарламасын өз алаңындағы «Спартактан» 6:7 есебімен жеңіліспен бастап үлгерді. Василий Атанасов дубль авторы атанса, Антон Сизов, Егор Виноградов, Даниил Журавлёв пен Максим Летунов бір-бір шайбадан соқты. Иван Кульбаков қақпаға бағытталған 36 соққыны қайтарды. Алексей Исаков сәттерді жүзеге асыру деңгейіне көңілі толатынын айтты, алайда матчтың соңында оның ойыншыларына салқынқандылық жетіспегенін атап өтті.

41 матчтан кейін нижегородтықтар 50 ұпай жинады. Команданың ең нәтижелі ойыншысы Егор Виноградов (12+19). Жарақат алғандар тізімінде шабуылшы Алексей Кручинин бар.

«Барыс» үшін «Торпедомен» болатын кездесу жаңа жылдағы алғашқы матч болмақ. Желтоқсан айының соңғы ойынында астаналықтар Омбыда «G-Drive Аренада» алғаш рет «Авангардты» 4:2 есебімен жеңді. Бұл матчта Всеволод Логвин, Әлихан Әсетов (ағымдағы тұрақты біріншілікте команданың азшылықта соққан алғашқы шайбасының авторы), Кирилл Панюков пен Мэйсон Морелли (бос қақпаға шайба салды) мергендік танытты. Никита Бояркин 36 сейв жасап, нәтижелі пас авторы атанды. Михаил Кравец мұндай мықты қарсыласты жеңу команданың тамаша ойыны мен толық берілгендігінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

42 матчта қазақстандық ұжым 36 ұпай еншіледі. Қорғаушы Райли Уолш (9+18) «Барыстың» ең нәтижелі ойыншысы болып қала береді. Өткен аптаның соңында астаналықтар бірден бес ойыншымен келісімшарттарын қайта жасасты: Кирилл Панюков, Ансар Шайхмедденов, Семён Симонов, Всеволод Логвин және Әлихан Өмірбеков.

«Торпедо» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:00-де басталады.

Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 matchday.jpg

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс – СКА матчы алдында

new-preview
Barys
Nomad

Руслан Оспанов Торпедоға жалға берілді

new-preview
Barys

World Stars құрамасы Кравец пен Шилмен бірге төртінші орын алды