Маусымның соңғы сырт айдындағы матчтар сериясының қорытынды кездесуінде «Барыс» «Сібірмен» ойнайды.
Новосібір қаласы командасы плей-офф жолдамасы үшін таласты жалғастырып жатыр. Өткен турда «Сібір» өз айдынында «Торпедоны» жеңді (3:2). Нижний Новгород қаласы ұжымы қақпасына сан басымдығы кезінде Сергей Широков, Максим Сушко мен Никита Коротков гол соқты. Антон Красоткин 40 соққыға тосқауыл болды. Вадим Епанчинцев командасының ойынға берілген тапсырманы орындағанын, сондай-ақ шәкірттерінің орталық аймақта өте жақсы ойнағанын атап өтті.
Маусымның 65 кездесуінде «Сібір» 66 ұпай олжалаған. Тревор Мерфи (13+45) сұрмерген қорғаушылар тізімінде айқын басымдықпен көш бастап тұр және ол чемпионаттың үздік ассистенттері тізімінде бірінші орында келеді. Денис Костин – кері қайтарылған соққылар көрсеткіші бойынша Лиганың үздік үш қақпашысының бірі (93,1). Қорғаушы Федор Гордеев пен шабуылшы Владимир Бутузов жарақат алған ойыншылар қатарында.
«Барыс» сенбіде Хабаровскте «Амурға» есе жіберді. Роман Старченко мен Дінмұхамед Қайыржан өз есептеріне екі ұпайдан жазды – 1+1. Бұл – астаналық команда капитанының мансабындағы 215-голы. Артем Шестаков 26 соққыны кері қайтарды. Ғалым Мамбетәлиев айдын иелерінің «Барыс» қақпасы алдында өзін тым еркін сезінгенін айтты.
Тұрақты маусымның 65 матчында қазақстандық ұжым 35 ұпай еншілеген. Өткен ойындағы нәтижелі пасының арқасында Әділ Бекетаев (5+13) команданың үздік сұрмергені атанды. Екі команданың маусымдағы өзара теке-тіресі аясында астаналық ұжым бес кездесудің үшеуінде жеңіске жеткен.
«Сібір» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады.
Кездесуді Qazsport және KHL Prime телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.