Сырт алаңдағы серияның үшінші ойынында «Барыс» уфалық «Салават Юлаевпен» кездеседі.
Уфалық команда соңғы бес матчта қатарынан ұпай алып келеді, оның төртеуінде жеңіске жеткен. Өткен турда «Салават Юлаев» өз алаңында «Автомобилисті» сенімді 4:1 есебімен жеңді. Шайбаларды Семён Варлов, Артём Горшков, Джек Родуолд және Александр Жаровский соқты. Магнитогорскіден бас тарту тізімі арқылы Уфаға ауысқан жұлдызды шабуылшы Евгений Кузнецов жаңа командасындағы алғашқы нәтижелі ұпайын еншіледі. Қақпашы Семён Вязовой 13 сейв жасап, маусымдағы сейв пайызы (92,8) бойынша чемпионаттың үздік бестігіне кіреді. Бас бапкер Виктор Козлов ойыншыларының ойынға сәтті кіріскенін және артықшылықтағы тиімді әрекеттерін атап өтті.
Башқұртстан астанасының командасы 43 матчтан кейін 42 ұпай жинады. Команданың ішкі бомбардирлер жарысында Александр Жаровский (12+18) көш бастап тұр. Жарақат алғандар қатарында шабуылшы Данил Алалыкин бар.
«Барыс» бейсенбі күні Қазанда «Ақ Барстан» тартысты ойында 1:3 есебімен жеңілді, соңғы минуттарда бос қақпаға шайба өткізіп алды. Астаналықтар сапындағы жалғыз шайбаны Макс Уиллман соқты. Қатарға қайта қосылған қақпашы Адам Шил қарсыластың 39 соққысын қайтарды. Бас бапкер Михаил Кравец ойыннан кейін жеке қателіктерге назар аударып, команда 200 пайызға күш салғанын айтты.
44 матчтан кейін елордалық клубтың еншісінде 36 ұпай бар. Команданың үздік бомбардирі Райли Уолштың есебінде 28 (9+19) ұпай. Ұжымға Эмиль Галимов қосылды, ол жуырда алғаш рет әке атанды. Сондай-ақ Семён Симоновтың құрамға қайта оралуы мүмкін. Ал Кирилл Савицкий керісінше, алдағы кездесулерде «Барысқа» көмектесе алмайды. Капитан жарақат алғандар тізімінде.
«Салават Юлаев» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 16:30-да басталады.
Тікелей трансляция KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.