Астаналық команда қыркүйектегі сырт алаңдағы сериясын Нижнекамскінің «Реакторымен» өтетін ойындармен қорытындылайды.
Жақында нижнекамдықтар да өздерінің қонақтағы сериясын красноярлықтармен өткен кездесулермен аяқтады. Қос команда жеңістерін бөлісті: алғашқы ойында Игорь Фёдоровтың ойыншылары 3:1 есебімен басым түсті. Бұл матчта Ильяс Сиразетдинов, Владислав Чертков және Муиссу Жоэ Кристоф көзге түсті. Келесі ойында алаң иелері мықтылық танытып, буллиттер сериясында жеңісті жұлып әкетті. Қазіргі уақытта «Реактор» Күміс дивизион турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.
Антон Васиннің ойыншылары да Альметьевскіде екі кездесу өткізіп, қарсыласымен ұпай бөлісті. Алғашқы матч «Снежные Барстардың» пайдасына 9:7 есебімен аяқталды. Бұл ойын үш дубльмен, МХЛ-дегі үш дебюттік шайбамен және бірінші кезеңдегі жаппай қақтығыспен есте қалды. Лиганың шешімі бойынша екінші матч айып арқалаған ойыншылар мен бапкерлерсіз өтті. Дубль авторлары Никита Ситников, Егор Кравченко және Роман Двуреченский болса, Дамир Бритиков пен Амирхан Шегебаев МХЛ-дегі алғашқы шайбаларын соқты. Қайта ойында алаң иелері жинақы қимылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын соңында Александр Симахин мен Роман Двуреченскийдің шайбалары матч тағдырын өзгерте алмады. Бүгінде «Снежные Барсы» турнирлік кестеде соңғының алдындағы орында тұр. Команданың еншісінде Альметьевскідегі жеңіс үшін жинаған екі ұпай бар.
Матч Астана уақытымен 20:30-да басталады. Тікелей трансляцияны МХЛ-дың YouTube арнасынан және InHockey платформасынан көруге болады.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.