Астаналық команда қараша айындағы өз алаңындағы ойындар сериясын петропавлдықтармен кездесуден жалғастырады.
«Құлагер» өз алаңында «Горнякпен» өткен ойындарынан кейін сырт алаңдағы сериясын бастайды. Ол кездесулерде қарсыластар жеңістерін тең бөлді. Алғашқы ойында «Құлагер» буллит сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетті. Негізгі уақытта Дмитрий Исмагилов, Герман Шапорев және Артём Сошников көзге түссе, шешуші буллитті Алмаз Мұқанов орындады. Алайда, екінші ойында қонақтар сенімдірек ойнап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта Евгений Попитич пен Александр Воробьёв гол соқты.
Астаналықтармен кездесу алдында «Құлагер» 24 ойыннан кейін 34 ұпаймен турнирлік кестеде 4-орында тұр.
«Номад» өз кезегінде «Ақтөбемен» өткен екі ойында да жеңіске жеткен соң, өз алаңындағы сериясын жалғастырады. Алғашқы ойында 6:1 есебімен басым түсіп, Александр Мигунов, Әли Қасенов, Мәди Диханбек және Әділ Бейсенбаев нәтижелі соққыларымен көзге түсті, ал өткен айдың үздік бомбардирі Диас Ғұсейінов дубль авторы атанды. Екінші кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жеткен командаға Вячеслав Колесников, Артур Гатиятов және Александр Мигунов жеңіс сыйлады. Константин Пушкарёвтің ойыншылары Колесниковтың голының арқасында маусымда алғаш 100 голдық көрсеткішке жетті.
Қазіргі таңда «Номад» 24 ойыннан кейін 42 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр.
Ойын 13:00-де басталады.
Тікелей трансляция InHockey платформасында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.