Металлург – Барыс матчы алдында
18 Қыркүйек 2025

Металлург – Барыс матчы алдында

«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы сериясын Магнитогорскіден бастайды.

«Металлург» чемпионаттың басында өткізген бес кездесудің әрқайсысында ұпай алды. Өткен турда Андрей Разиннің ойыншылары сырт алаңда «Северстальді» жеңді (5:2). Бұл ойында Дерек Барак дубль жасаса, Михаил Фёдоров, Андрей Козлов және Руслан Исхаков бір-бірден шайба салды. Илья Набоков қақпаға бағытталған 18 соққыны қайтарды. Магнитогорскілік ұжымның бас бапкері алғашқы 10 минут иелерінің басымдығында болғанын, алайда кейіннен оның ойыншылары ойын барысын өз пайдасына бұра алғанын атап өтті.

«Металлургтың» қоржынында бес матчтан кейін сегіз ұпай бар. Команданың үздік бомбардирі Дмитрий Силантьевтің еншісінде 7 (3+4) ұпай.

«Астаналықтар» өз алаңында Мәскеудің «Динамосын» (5:2) эмоциялық жеңіспен тізе бүктіргеннен кейін сырт алаңға аттанды. Бұл ойында алаң иелерінің төрт шабуылына Майкл Веккьоне (2+2) қатысып, күннің үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ Ансар Шайхмедденов, Вячеслав Колесников (КХЛ-дегі алғашқы шайбасы) және Алихан Омирбеков (маусымдағы алғашқы шайбасы) мергендер қатарына қосылды. КХЛ-дегі дебюттік матчын Владимир Волков өткізді. Андрей Шутов 33 сейв жасап, нәтижелі паспен көзге түсті. Михаил Кравец командасының ойынын жоғары бағалап, әсіресе көпшілікте соғылған маңызды шайбаларды ерекше атап өтті.

Төрт кездесуде қазақстандық ұжым алты ұпай жинады. Майкл Веккьоне (3+4) чемпионат басында Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының қатарына енді. «Барыстың» жарақат алғандар тізімінде Никита Бояркин, Роман Старченко, Тамирлан Гайтамиров және Тайс Томпсон бар.

«Металлург» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:00-де басталады.

  Тікелей трансляция KHL мен KHL Prime арнасында жоспарланған.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


GD AWAY.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адам Шил ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысуына таңдалды.

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет буллит сериясында Сібірден ұтылды

new-preview
112 фото
Barys

Барыс - Сибирь