
«Барыс» өз тарихының жаңа бетін сырт айдында чемпионаттң көшбасшысы «Локомотивке» қарсы ойынмен бастайды. Бұл команданың бас бапкер қызметіне қайта оралған Ғалым Мамбетәлиевтің қол астында өткізетін алғашқы матчы болмақ.
Ярославілік команда маусымда жақсы нәтиже көрсетіп келеді, Игорь Никитин шәкірттері соңғы бес ойынның төртеуінде ұпай еншіледі. Сәрсенбіде «Локомотив» Мытищиде «Куньлуньді» сенімді түрде жеңді. Байрон Фрэз дубль жасаса, Даниил Бут, Денис Алексеев пен команданың үздік сұрмергені Максим Берёзкин (5+8) нәтижелі соққылармен көзге түсті. Қақпашы Алексей Мельничуктің жұмысы көп болмай, 14 соққыға тосқауыл болды.
17 матчта «Локомотив» 28 ұпай олжалаған. Қорғаушы Никита Черепанов команданың жарақат алған ойыншылары тізімінде.
«Барыс» өткен турда өз айдынында «Салават Юлаевқа» есе жіберді (2:3). Кирилл Панюков пен қазіргі таңда команданың ең нәтижелі ойыншысы болып тұрған Әлихан Өмірбеков (2+3) өз снайперлік есептерін толықтырды. Әлихан Әсетов биылғы маусымдағы алғашқы нәтижелі пасын берді. Никита Бояркин 27 соққыны кері қайтарды.
Қазақстандық ұжымның қоржынында 16 матчтан кейін 7 ұпай бар. Шабуылшылар Максим Мухаметов, Кирилл Савицкий, Коннор Смит, Роман Старченко мен Уэйд Эллисон жарақат алғандар тізімінде қала беріп отыр. Иван Николишин жаңа командасы сапындағы алғашқы матчын өткізуге дайындалып жатыр.
«Локомотив» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport және KHL Prime телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.