«Барыс» Тольяттиде үш матчтан тұратын сырт алаңдағы ойын сериясын бастайды.
Жексенбі күні «Лада» өз мұзайдынында «Сочиді» қақпасына шайба өткізбей жеңді (4:0). Гол авторлары қатарында команданың үздік мергені Райли Савчук (17+15), Егор Морозов, Иван Савчик және Андрей Обидин бар. Қақпашы Александр Трушков қақпаға бағытталған 17 соққының барлығын қайтарды. Бас бапкер Павел Десятков ойыншыларының ойынын жоғары бағалап, кейбір қателіктерге жол берілгенімен, оларды қақпашы дер кезінде түзеп отырғанын атап өтті. Тольяттилік команда тұрақты чемпионаттағы 47 матчта 32 ұпай жинады.
Астаналықтар өткен турда өз алаңында ЦСКА-ны 3:1 есебімен жеңіп, сәтсіздік сериясын үзді. Майкл Веккьоне дубль авторы атанып, осы маусымда «Барыс» сапында алғашқы болып 30 (12+18) ұпай межесіне жетті. Тағы бір дәл соққыны Тайс Томпсон өз еншісіне жазды. Райли Уолш чемпионаттағы 20-шы нәтижелі пасын орындады. Адам Шил 25 сейв жасап қана қоймай, бір нәтижелі паспен де көзге түсті. Михаил Кравец командасының ауыр сынақтардан кейін де сағын сындырмай, соңына дейін күресіп, өте мықты қарсыласты жеңе алғанына риза екенін жеткізді.
Қазақстандық ұжым 48 матчтан кейін 39 ұпаймен плей-оффқа шығу жолындағы бәсекені жалғастырып келеді. Бұл сырт алаңдағы серияда жарақатынан кейін қалпына келіп жатқан Кирилл Савицкий командаға көмектесе алмайды.
«Лада» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясы KHL және Qazsport телеарналарынан көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.