«Номад» қазан айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясын Рудныйда бастайды. Елордалық ұжым Сергей Невструевтің ойыншыларымен кездеседі.
«Горняк» өз алаңындағы ойындарын қарағандылықтармен өткізді, алайда екі ойында да қонақтарға есе жіберді. Алғашқы матч 3:4 есебімен аяқталып, жеңімпазды анықтау үшін қосымша уақыт қажет болды. Алаң иелері сапынан Лев Крицин, Андрей Ревацкий және Руслан Утебаев көзге түсті. Екінші кездесуде рудныйлықтар «Сарыарқа» қақпасын ала алмады және 0:4 есебімен жеңілді.
Астаналықтармен кездесер сәтте «Горняк» 16 ойыннан кейін 6 ұпай жинап, турнирлік кестеде 9-орында орналасқан.
Өз кезегінде «Номад» павлодарлық «Ертіспен» өткен екі ойынды жеңіспен аяқтап, өз алаңындағы сериясын сәтті қорытындылады. Алғашқы матчта «көшпенділер» қарсыласына мүмкіндік бермей, 10:2 есебімен басым түсті. Саян Данияр мен Батырлан Мұратов дубльдің авторы атанды. Қалған шайбаларды Диас Гусейнов, Бейбарыс Оразов, Абай Маңғысбаев, Расул Тұрсынов, Даниил Цыбин және Темірлан Қатаров соқты.
Бүгінгі таңда «Номад» 18 ойында 32 ұпай жинап, турнирлік кестеде көш бастап келеді.
Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясы InHockey платформасында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.