Желтоқсандағы алғашқы өз алаңындағы ойында «Барыс» «Спартакты» қабылдайды. Бұл кездесу екі команда үшін де маусымның тұрақты чемпионатындағы дәл ортасын айқындайды.
Өткен турда «Спартак» Новосібірскіде жергілікті «Сібір» командасымен өте тартысты матч өткізіп, овертаймда 7:6 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар ойын барысында төрт шайба айырмасымен ұтылып тұрғанымен, матч соңында қарқынын үдетіп, соңғы минутта қанжығасына екі гол байлап, ойынның тағдырын түбегейлі өзгерте алды. Гол авторлары Даниил Орлов, Даниил Соболев, дубль жасаған Михаил Мальцев, Данил Пивчулин, Адам Ружичка және Никита Коростелёв. Бас бапкер Алексей Жамнов ойыншылар көп жеке қателік жібергенін, бірақ соған қарамастан ойынға қайта орала білгенін, алайда бұл оларға эмоциялық тұрғыда қымбатқа түскенін айтты.
«Спартак» 33 ойыннан кейін 39 ұпай жинады. Команданың үздік бомбардирі Адам Ружичканың еншісінде 26 (12+14) ұпай бар. Джозеф Кин (4+21) – маусымдағы ең нәтижелі төрт қорғаушының бірі. Қорғаушы Дмитрий Вишневский жарақатына байланысты саптан тыс.
«Барыс» соңғы матчын Новосібірскіде өткізіп, 1:4 есебімен есе жіберді. Жалғыз голдың авторы Макс Уиллман өзінің нәтижелі сериясын төрт ойынға жеткізді. Маусымда алғаш рет айдынға шыққан Никита Бояркин ауыр жарақаттан кейін қалпына келуде. Ол қақпаға бағытталған 17 шайбаны қайтарды. Бас бапкер Михаил Кравец ойыншылардың қақпашыға жеткілікті қолдау көрсетпегенін, бар болғаны тоғыз ғана соққыны бөгегенін сынға алды.
33 матчтан кейін «Барыс» 27 ұпай жинады. Кеше астаналық клуб қақпашы Владимир Никитинмен сынақ мерзіміндегі келісімшартқа қол қойды.
«Барыс» - «Спартак» матчы Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан немесе hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.