Барыс – СКА матчы алдында
12 Ақпан 2026

Барыс – СКА матчы алдында

Екатеринбургте өткен Жұлдыздар апталығына байланысты үзілістен кейін «Барыс» ақпан айындағы алғашқы үй матчында СКА командасын қабылдайды.

Питерлықтар соңғы ойынын Нижнекамскіде өткізіп, «Нефтехимикті» 5:1 есебімен жеңді. Гол авторлары Матвей Короткий, Марат Хайруллин (дубль), Джозеф Бландизи және Сергей Плотников. Артемий Плешков қақпаға бағытталған 41 соққыны қайтарды. Игорь Ларионов есепке қарамастан, мұндай нәтижеге жету үшін командасына төзуге әрі көп жұмыс істеуге тура келгенін атап өтті.

53 матчтан кейін Санкт-Петербург ұжымы 60 ұпай жинады. Қазіргі таңда СКА-ның үздік бомбардирі – Марат Хайруллин (14+23). Артемий Плешков қайтарылған соққылар пайызы бойынша (93,4%) тұрақты чемпионаттағы қақпашылардың үздік үштігіне кіреді. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушылар Никита Зайцев пен Тревор Мёрфи, сондай-ақ шабуылшы кіші Игорь Ларионов бар.

«Барыс» өткен турда Владивостокта «Адмиралды» 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Шайба авторлары Кирилл Савицкий, Дінмұхамед Қайыржан, Эмиль Галимов және Майкл Веккьоне (13+19). Веккьоне астаналықтардың ең нәтижелі ойыншысы атағын Райли Уолшпен (9+23) бөлісіп келеді. Всеволод Логвин мансабында алғаш рет 10 нәтижелі пас көрсеткішіне жетті. Жақында өткен Жұлдыздар матчына қатысқан Адам Шил 28 сейв жасады. Михаил Кравец қарсы шабуылдардан соғылған голдардың маңызын атап өтіп, жалпы команда ойынына көңілі толатынын айтты, алайда алаң ойыншылары қақпашының «құрғақ» матч өткізуіне көмектесе алмағанына қынжылды.

Қазақстандықтар 55 кездесуден кейін 42 ұпаймен Шығыс конференциясының плей-офф кезеңіне шығу жолындағы күресті жалғастырып келеді. Мэйсон Морелли жарақат алғандар тізімінен шығарылып, жалпы командамен жаттығуда. Жаттығу кезінде жарақат алған Эмиль Галимов тексерістен өтіп жатыр және бүгінгі матчқа қатыспайды.

«Барыс» – СКА матчы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

    matchday social (9).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс тағы да Адмиралға жол берді

new-preview
109 фото
Barys

Барыс - Адмирал

new-preview
Barys

Барыс - Адмирал бағдарламасы