«Барыс» өз алаңындағы ойындар сериясын«Сібірге» қарсы матчпен жалғастырады. Бұл биылғы тұрақты чемпионат басталғалыкомандалардың үшінші кездесуі болмақ. Бұғандейін екі команда да өз мұз айдынында бір-бір ретжеңіске жеткен (астаналықтар 6:4, новосібірліктер1:0 Б).
Бас бапкер ауысқаннан кейін «Сібір» соңғы үшойынның екеуінде жеңіске жетті. Өткен турда оларНижнекамскіде «Нефтехимикке» қарсы матчтажеңісті әрең сақтап қалды. Қонақтар Архип Неколенко мен Владимир Бутузовтың голдарыныңарқасында екі шайба айырмасымен алға шықты. Бірақ ойын буллиттер сериясына жетті, шешушісоққыны Никита Сошников (2+8) дәл орындап, командасына екі ұпай алып берді. Бас бапкеркоманда бірнеше ойыншысыз қалғанынақарамастан, соңғы кезеңде дұрыс ойнағандарынайтты.
13 матчтан кейін «Сібірдің» қоржынында 12 ұпайбар. Команда буллиттер серияларында Лиганыңкөшбасшысы (5 жеңіс, 0 жеңіліс). Қақпашы Антон Красоткин сенімділік коэффициенті (1,48) мен соққыларды қайтару пайызы (94,9) бойыншачемпионатта бірінші орында тұр. Қорғаушы Дэвид Фарранс жарақат алғандар қатарында. Кеше құрамға «Шанхайдан» шабуылшы Иван Чеховичқосылды.
«Барыс» жексенбі күні өз алаңында «Торпедодан» 3:5 есебімен жеңілді. Кирилл Панюков алғашқыойынында гол соқты. Сондай-ақ Семён Симонов пен Райли Уолш (4+7) бір-бір шайбадан соғып, Майкл Веккьонемен (5+6) ұпай бойынша теңесті. Әлихан Өмірбеков екі нәтижелі пас берді. БапкерМихаил Кравец команда әдеттегідей қателіктержібергенін, қарсылас айдынында шайбаныжоғалтып, қарсы шабуылдарға жол бергенін айтты.
15 матчтан кейін «Барыстың» еншісінде 13 ұпайбар. «Торпедомен» кездесуден соң жарақаталғандар тізіміне Максим Мухаметов пен Эмиль Галимов қосылды. Иван Николишин бас тарту драфтына қойылды.
«Барыс» – «Сібір» матчының басталуы Астана уақытымен 19:00-де.
Билеттер «Барыс Арена» кассаларында және hcbarys.kz/tickets сайтында сатылады.
Ойынның тікелей трансляциясы KHL жәнеQazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына«ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.