Барыс - Сібір матчы алдында
07 Желтоқсан 2025

Барыс - Сібір матчы алдында

ҚХЛ чемпионатындағы Бірінші арна кубогына байланысты үзіліс басталар алдында «Барыс» өз айдынында «Сібір» командасын қабылдайды. Бұл екі команданың биылғы маусымдағы бесінші кездесуі, оның үшеуінде новосібірліктер жеңіске жеткен.

Аптаның басында өз алаңында «Барысты» (4:1) жеңген Ярослав Люзенковтың командасы сол бір тамаша матчта төрт гол айырмасымен алда тұрғанына қарамастан, «Спартакқа» (6:7 ОТ) жол берді. Команданың шайбаларын Иван Климович, Антон Косолапов, Михаил Абрамов, команда бомбардирлері тізімін бастап тұрған Скотт Уилсон (10+5), Семён Кошелев және Сергей Широков соқты. Қақпашы Антон Красоткин қақпаға бағытталған 23 соққыны тойтарды. Жаттықтырушы ойыншылар 4:0 кезінде қажетсіз айыптар алып, кейін шегініп ойнап, қарсыласқа бастаманы беріп қойғанын айтты. 33 ойыннан кейін «Сібір» 24 ұпай жинады. Қорғаушы Егор Аланов, шабуылшылар Александр Першаков пен Валентин Пьянов жарақаттарына байланысты құрамда жоқ. Апта ішінде клуб шабуылшы Кирилл Рассказовпен қоштасып, бірнеше ойыншыны ауыстырды. Қорғаушы Артём Жуков «Северстальге» өтті, ал «Автомобилистен» Даниил Валитов келді.

«Барыс» жұма күні «Спартакты» овертаймда 4:3 есебімен жеңді. Астаналықтар 1:3 болып ұтылып тұрғанына қарамастан, матчты өз пайдасына бұра алды. Айдындағы ең көзге түскен ойыншылардың бірі Джейк Масси болды. Ол қақтығысқа қатысып, нәтижелі пас берді және бір шайбаны қарсылас қақпасына, біреуін өз қақпасына соғып алды. Ансар Шайхмедденов, қазақстандықтардың ең нәтижелі ойыншысы Райли Уолш (9+15) және Майкл Веккьоне де голмен көзге түсті. Самат Данияр екі пас беріп, маусымның жартысында-ақ ҚХЛ-дағы жеке нәтижелік рекордын жаңартты. Қақпашы Адам Шил 22 соққыны тойтарды. Михаил Кравец Лигадағы 200-жеңіске жетіп, команда үш кезең бойы тәртіппен ойнағанын атап өтті.

Жарты маусым қорытындысы бойынша «Барыс» 29 ұпай жинады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 


GD SOCIAL (5).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс үздік сегіздікке қайта оралу мүмкіндігін жіберіп алды

new-preview
8 фото
Barys

Лада - Барыс

new-preview
Barys

Лада – Барыс матчы алдында