Барыс – Салават Юлаев матчы алдында
05 Қараша 2025

Барыс – Салават Юлаев матчы алдында

«Барыс» өз сырт алаңдағы ойын сериясын «Салават Юлаевқа» қарсы кездесумен жалғастырады. Бүгінгі матч біздің команда үшін Құрлықтық хоккей лигасындағы 1100-ші ойын болмақ.

Маусымның қиын басталуынан кейін уфалықтар біртіндеп қарқын алып, плей-офф аймағынан небәрі бір ұпайға қалып отыр. Өткен турда «Салават» өз айдынында «Локомотивке» (1:4) есе жіберіп, жеңіс сериясын тоқтатты. Команданың жалғыз шайбасын Ярослав Цулыгин соқты. Қақпашы Александр Самонов 33 соққыны қайтарды, ал бұл ойында кейін ол қаржылай өтемге ЦСКА клубына ауыстырылды. Бас бапкер Виктор Козлов ойыннан кейін алаң иелері өз ойындарын жүргізуге тырысқанымен, қарсылас қысымды жақсы сындырып, айып алаңынан сәтті шығуға мүмкіндік тапқанын атап өтті.

Башқұртстан астанасының командасы 21 ойыннан кейін 18 ұпай жинады. Уфалықтардың үздік бомбардирі Максим Кузнецов (4+12). Өткен апта соңында командаға қақпашы Илья Коновалов қосылды. Ал жақында ғана Уфаға оралған Шелдон Ремпал бұл сапар тізіміне енбеген. Жарақат салдарынан саптан шыққандар қатарында қорғаушы Никита Зоркин және шабуылшылар Данил Алалыкин, Антон Берлёв, Глеб Кузьмин, Артём Пименов, Николай Хворов, Пётр Хохряков пен Денис Ян бар.

«Барыс» дүйсенбі күні өз мұз айдынында «Нефтехимикке» (2:5) жол берді. Шайбаларды Кирилл Панюков пен Дінмұхаммед Қайыржан соқты. Қайыржан осы маусымда 10 (3+7) ұпайға жетті. Жарақатынан айыққаннан кейін алаңға қайта оралған Алихан Әсетов маусымдағы алғашқы нәтижелі әрекетімен көзге түсті. Қақпашы Адам Шил 28 соққыны қайтарды. Сондай-ақ, ҚХЛ-дегі дебюттік ойынын шабуылшы Макс Уиллман өткізді. Бас бапкер Михаил Кравец әсіресе екінші кезеңде жіберілген көптеген жеке қателіктерге өкініш білдірді.

Астаналық ұжым 23 ойыннан кейін 19 ұпай жинаған. Райли Уолш (7+12) қазіргі чемпионаттағы қорғаушылар арасындағы бомбардирлер рейтингінде «Авангард» ойыншысы Дамир Шарипзяновпен бірге көш бастап тұр. Команданың жарақат алғандар тізімін қорғаушы Тайлер Уотерспун толықтырды, ол ұзақ мерзімге қатардан шықты.

«Барыс» – «Салават Юлаев» матчы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан немесе hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport арнасында көрсетіледі.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі –«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

GD social (2).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адам Шил ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысуына таңдалды.

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет буллит сериясында Сібірден ұтылды

new-preview
112 фото
Barys

Барыс - Сибирь