Қазан айындағы алғашқы ойында «Барыс» өз мұз айдынында қазіргі Гагарин Кубогының иегері «Локомотивті» қабылдайды.
Ярославль командасы дүйсенбі күні Минскіде буллит сериясында (2:3) жеңіліп, 14 қыркүйектен жалғасып келе жатқан жеңісті сериясын тоқтатты. Алайда бұл нәтиже «Локомотивтің» бәсекедегі жағдайына әсер еткен жоқ, команда Батыс конференциясының турнирлік кестесінде әлі де көш бастап тұр. «Динамоға» қарсы ойында Артур Каюмов пен Никита Кирьянов өздерінің снайперлік көрсеткіштерін толықтырды. Даниил Исаев қақпаға бағытталған 37 соққыны қайтарды. Бас бапкер Боб Хартли екінші кезеңдегі қонақтар құрамындағы көптеген екі минуттық айыптарға өкініш білдіргенімен, ойынның барысын өзгертіп, есепті теңестіруге мүмкіндік болғанына ризашылығын айтты.
«Теміржолшылардың» еншісінде он кездесуден кейін 16 ұпай бар. Команданың ең нәтижелі ойыншылары Александр Радулов (7+4) пен Егор Сурин (7+3) маусым басында Лиганың үздік снайперлері қатарында. Даниил Исаев сенімділік коэффициенті (1,45) мен соққыларды қайтару пайызы (94,7) бойынша чемпионаттағы ең үздік үш қақпашының қатарында. Апта басында ярославльдіктер көпшілікке жақсы таныс шабуылшы Рихард Паникпен келісімшарт жасасты.
Өз кезегінде, «Барыс» өткен турда жеті жылдан кейін алғаш рет «Адмиралды» ірі есеппен жеңді (3:0). Кездесудің басты кейіпкері астаналықтардың жаңа қақпашысы Адам Шил болды, ол 26 сейв жасап, бір нәтижелі пас берді. Шайбаларды Мэйсон Морелли, Всеволод Логвин (маусымдағы алғашқы голы) және Ансар Шайхмедденов соқты. Майкл Веккьоне команда ішінде алғашқы болып 10 (4+6) ұпай жинады. Бас бапкер Михаил Кравецтің айтуынша, жеңістің басты себебі – айыптардың болмауы, бұл барлық төрт шабуылдау тобының қарқын сақтауына мүмкіндік берді.
Он матч қорытындысы бойынша қазақстандық клуб 11 ұпай еншіледі. Сонымен қатар жарақат алғандар тізімінен Тамирлан Гайтамиров шықты.
«Барыс» – «Локомотив» матчы Астана уақыты бойынша 19:00-де басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан немесе hcbarys.kz/tickets ресми сайтынан сатып алуға болады.
Ойынның тікелей трансляциясы KHL және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.