Барыс – Лада матчы алдында
14 Ақпан 2026

Барыс – Лада матчы алдында

Бес ойыннан тұратын үй сериясы аясында «Барыстың» екінші қарсыласы «Лада».

Тольятти командасы сырт айдынға сапарын Новосібірдегі жеңіліспен бастады. «Сібірге» қарсы кездесуде Павел Десятковтың ойыншылары ойын аяқталуға 34 секунд қалғанда есепті теңестірді, Райли Савчук 2:2 есебін орнатты (тағы бір шайбаны Дмитрий Кугрышев соқты). Алайда овертаймда алаң иелері жеңісті жұлып алды. Иван Бочаров қақпаға бағытталған 26 соққыны қайтарды. «Лада» бапкері командасы қысымға төтеп бергенін және кей сәттерде қарсыласынан жақсырақ ойнағанын атап өтті.

56 матчта «Лада» 39 ұпай жинады. Команданың үздік бомбардирі Савчук (19+19).

Бейсенбі күні «Барыс» жаман ойнамағанымен, өз алаңында СКА-дан ірі есеппен жеңілді (0:5). Астаналықтар маусымда жетінші рет гол соқпай, қарсылас қақпасына 36 соққы бағыттады. Адам Шил 19 сейв жасады. Михаил Кравец бірінші және екінші жіберілген шайбаларға алып келген ойыншылардың негізсіз әрекеттерін атап өтті.

56 кездесуден кейін қазақстандық ұжымның еншісінде 42 ұпай бар. Мэйсон Морелли жақын арада ойын құрамына оралуы мүмкін. Ал СКА-ға қарсы матчта жарақат алған орталық шабуылшы Ансар Шайхмедденов лазаретке қосылып, кем дегенде осы үй сериясының қалған ойындарына қатыспайды.

Матч Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

Тікелей эфир KHL және KHL Prime телеарналарында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

matchday social (10).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс тағы да Адмиралға жол берді

new-preview
109 фото
Barys

Барыс - Адмирал

new-preview
Barys

Барыс - Адмирал бағдарламасы