Өткен турда екатеринбурдықтар өз мұз айдындарында «Торпедоның» қақпасын аша алмады (0:2). Қожайындар қарсыластың қақпасына 24 дәл соққы бағыттағанымен, олардың ешқайсысы нәтижелі болмады. Өз кезегінде Евгений Аликин 22 сейв жасады. Бас бапкер Николай Заварухин өзінің ойыншылары көбіне қарсылас аймағының бұрыштарында ойнап, ал қақпа алдына шығуға мүмкіндік болмағанын атап өтті.
«Автомобилисттің» еншісінде 24 кездесуден кейін 30 ұпай бар. Команданың үздік сұрмергені қорғаушы Джесси Блэкер (6+12). Қақпашы Владимир Галкин сенімді ойынымен көзге түсіп, сенімділік коэффициенті (1,95) мен сәтті тойтарылған шайбалар пайызы (93,8) бойынша үздіктер қатарында тұр. Қорғаушылар Никита Трямкин мен Сергей Зборовский, сондай-ақ шабуылшы Семён Кизимов жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды.
«Барыс» сәрсенбі күні «Салават Юлаевқа» минималды есеппен жол берді (1:2). Дінмұхамед Қайыржанның соққан шайбасы мен Андрей Шутовтың 34 сейві астаналықтардың сәтсіз сериясын тоқтатуға жеткіліксіз болды. Бас бапкер Михаил Кравец ойыншылардың қажетсіз ережебұзушылықтар салдарынан тағы да қиын жағдайға тап болғанын айтты.
Қазіргі таңда қазақстандықтардың қоржынында 19 ұпай бар. Райли Уолш (7+12) чемпионаттағы қорғаушылар арасындағы бомбардирлер тізімінде екінші орында келеді.
«Барыс» - «Автомобилист» матчының басталуы Астана уақытымен 19:30-да.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Ойынның тікелей трансляциясы Qazsportтелеарнасында көрсетіледі (Азия әйелдер чемпионаты аясындағы Қазақстан – Қытай матчы аяқталған соң).
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.