Барыс – Авангард матчы алдында
16 Қазан 2025

Барыс – Авангард матчы алдында

Қазан айындағы өз алаңындағы серияда  «Барыстың» үшінші қарсыласы Шығыс конференциясының көшбасшыларының бірі  «Авангард» болады.

Омбылықтар Челябінскіде «Тракторды» (8:5) ірі есеппен жеңгеннен кейін Қазақстан астанасына келді. Дмитрий Рашевский, Николай Прохоркин және Эндрю Потуральски дубль жасады, тағы бір рет Василий Пономарёв пен Дамир Шарипзянов көзге түсті. Қақпашы Никита Серебряков 33 сейв жасады. Ги Буше екінші кезеңдегі ойынды «көл үстіндегі хоккейге» ұқсатты, себебі көп қателік пен шайба жоғалту орын алды, алайда үшінші кезеңде команда ақылмен ойнап, нәтижеге қол жеткізді.

15 матчта «Авангард» 22 ұпай жинады. Эндрю Потуральски (6+13) және Константин Окулов (6+10) чемпионаттың ең нәтижелі ойыншыларының қатарында. Максим Лажуа (4+10) мен Дамир Шарипзянов (4+9) қорғаушылар арасындағы бомбардирлер жарысында алда келеді. Жарақат алғандар тізімінде шабуылшы Наиль Якупов бар.

«Барыс» сейсенбі күні маусымда екінші рет буллит сериясында «Сібірге» (3:4) есе жіберді. Самат Данияр биылғы чемпионаттағы алғашқы шайбасын соқты. Сондай-ақ Тайс Томпсон мен Райли Уолш та бір-бір голдан соқты. Уолш команда снайперлері мен бомбардирлері тізімінде көш бастап тұр (5+8). Дінмұхаммед Қайыржан екі нәтижелі пас берді. Андрей Шутов қарсыластардың 24 соққысын тойтарды. Михаил Кравец ойыншылары 2:0 есебімен алда тұрғанда екі тамаша мүмкіндікті пайдалана алмай, қарсыласқа есепті теңестіруге мүмкіндік бергенін айтты.

Астаналықтардың еншісінде 16 матчтан кейін 14 ұпай бар. Иван Николишин «Барыс» құрамынан «Номад» фарм-командасына ауыстырылды.

«Барыс» – «Авангард» матчы Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport арнасында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


GD SOCIAL (2).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Адам Шил ҚХЛ Жұлдыздар матчының қатысуына таңдалды.

new-preview
Barys

Барыс маусымда үшінші рет буллит сериясында Сібірден ұтылды

new-preview
112 фото
Barys

Барыс - Сибирь