«Барыс» өз алаңындағы бес ойындық сериясын «Амурмен» кездесумен аяқтайды. Маусымдағы алғашқы ойында астаналықтар өз мұз айдынында буллит сериясында алыс шығыстық команданы 4:3 есебімен жеңді. Өткен турда «Амур» өз алаңында буллит сериясында «Северстальдан» (2:3 Б) ұтылып, төрт ойындық жеңіс сериясын тоқтатты. Ярослав Лихачёв пен Кирилл Петьков шайба соқты. Максим Дорожко қақпаға бағытталған 44 соққыны қайтарды. Александр Гальченюк өз командасына буллит сериясында сәттілік жетіспегенін айтты.
«Амур» 16 матчта 17 ұпай жинады. Команданың үздік бомбардирі Игнат Коротких (6+4). Қақпашы Максим Дорожко Лигада сенімділік коэффициенті (2,11) мен соққыларды қайтару пайызы (94,1%) бойынша үздіктер қатарында. Жарақат алғандар қатарында қорғаушы Роман Абросимов пен шабуылшы Артур Гиздатуллин бар. Астанадағы матч алдында «Амурдың» бапкерлер штабына Александр Андриевский қосылды.
Өткен сенбіде «Барыс» буллит сериясында дәл осындай есеппен «Ак Барсқа» жол берді. Всеволод Логвин салған шайба аптадағы үздік деп танылды. Кирилл Панюков ҚХЛ-дегі 50-ші голына жетті. Роман Старченко маусымдағы алғашқы нәтижелі пасын берді. Қақпашы Андрей Шутов 26 сейв жасады. Михаил Кравец команда артықшылықта ойнауда қателіктер болғанын, бірақ ойыншылардың бәрі лайықты деңгейде ойнағаның айтты.
18 матч қорытындысында қазақстандық команда 17 ұпай жинады. Астаналықтардың ең нәтижелі ойыншысы Райли Уолш (6+9). Ол әлі де үздік қорғаушы-бомбардирлердің бірі болып қала береді.
«Барыс» – «Амур» матчы Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.