«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясын «Адмиралмен» кездесумен түйіндейді.
Қиыр Шығыс командасы соңғы ойында өз айдынында өткізіп, «Трактордан» жеңіліс тапты (1:2). Командалар барлық нәтижелі шабуылды бірінші кезеңде ұйымдастырды. «Адмирал» сапынан Шэйн Принс нәтижелі соққысымен көзге түсті. Андрей Мишуров 40 соққыны кері қайтарды. Леонид Тамбиев ойынды овертаймға ұластыруға мүмкіндік болғанын, алайда шәкірттерінің кездесу соңында батылдық таныта алмағанын айтты.
Владивосток қаласы ұжымының қоржынында 56 матчтан кейін 58 ұпай бар. Команданың үздік сұрмергені Даниил Гутиктің қоржынындағы ұпйа саны – 42 (20+22). Қорғаушы Артем Чмыхов пен шабуылшы Вячеслав Основин жарақат алған ойыншылар тізімінде.
«Барыс» сейсенбі күні «Северстальден» ұтылды – 2:6. Астаналық команда капитаны Роман Старченко маусымдағы бірінші шайбасын соқты. 19 жастағы Семен Симонов Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы шайбасын соқса, Николай Шульга Лигадағы нәтижелі ұпайларын еншіледі (0+2). Андрей Шутов 29 сейв жасады. Ғалым Мамбетәлиев команданың қалыптасып, дамуында осындай ойындар қажет екенін жасырмады.
Қазақстандық команда маусымның 59 матчында 29 ұпай еншіледі. Әлихан Әсетов жарақат алған ойыншылар тізімінен шығарылды, ол бүгінгі матчта команда құрамына енуі әбден мүмкін. Медициналық себептерге байланысты Самат Данияр мен Кирилл Савицкий «Адмиралмен» кездесуге қатыса алмайды.
«Барыс» - «Адмирал» матчы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.