Сырт алаңдағы серияның төртінші ойынында «Барыс» «Автомобилистпен» кездеседі. Командалар тұрақты чемпионаттағы соңғы өзара матчқа үш ойыннан тұратын жеңіліс сериясымен келіп отыр.
Өткен турда екатеринбургтік ұжым Уфада «Салават Юлаевтан» 1:4 есебімен жеңілді. Команда сапындағы жалғыз шайбаны Роман Горбунов соқты. Никита Новосёлов пен Евгений Аликин екеуі бірігіп қақпаға бағытталған 39 соққыны қайтарды. Бас бапкер Николай Заварухин матчтың басында командалардың жылдамдығы әртүрлі болғанын, қарсыластың мобильді әрі шапшаң қимылдағанын атап өтті.
43 матчта «Автомобилист» 49 ұпай жинады. Команданың үздік бомбардирі әрі мергені Рид Бушенің еншісінде 35 (15+20) ұпай бар. Владимир Галкин – чемпионаттағы қақпашылар арасында сейв пайызы бойынша (92,7) үздік бестікте. «Барыспен» ойын алдында уралдықтар ЦСКА-дан ақшалай өтемақыға нидерландтық жұлдызды шабуылшы Даниэль Спронгты өз сапына қосты.
Астаналықтар да Уфа сапарында сәтсіз ойнап, «Салават Юлаевтан» 1:3 есебімен ұтылды. «Барыс» құрамынан шайбаны Дінмұхамед Қайыржан соқты. Қақпашы Адам Шил 33 сейв жасады. Бас бапкер Михаил Кравец ойыншыларының соңына дейін күрескенін, алайда артықшылықта өте нашар ойнағанын айтты.
Қазақстандық команда 45 ойыннан кейін 36 ұпаймен плей-оффқа шығу үшін күресін жалғастыруда. Алғашқы сегіздік аймағынан айырмашылық бар болғаны 3 ұпайды құрайды.
«Автомобилист» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясы KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.