Авангард – Барыс матчы алдында
30 Желтоқсан 2025

Авангард – Барыс матчы алдында


2025 жылдағы соңғы ойында «Барыс» Омбы қаласында «Авангардпен» кездеседі.

Омбылық ұжым Шығыс конференциясының көшбасшысы «Металлургтен» кейінгі орында тұрған команда. «Барыспен» болатын ойынға «ястребтер» бес матчтан тұратын жеңіс сериясымен келіп отыр. Алдыңғы турда «Авангард» өз алаңында «Ладаны» буллиттер сериясында жеңді (4:3). Негізгі уақытта Семён Чистяков, Александр Волков және Эндрю Потуральски мергендік танытты. Потуральски шешуші буллиттің де авторы атанды. Қақпашы Андрей Мишуров қарсыластардың 25 соққысын қайтарды. Бас бапкер Ги Буше Магнитогорск командасымен өткен алдыңғы кездесуде ойыншылары көп күш пен энергия жұмсағанын, соған қарамастан жеңіске жету үшін өздерінен қуат таба алғанын атап өтті.

38 матчтан кейін «Авангардтың» еншісінде 55 ұпай бар. Константин Окулов (14+28) – чемпионаттың үздік бомбардирлері тізімінде алғашқы төрттікте. Ал қорғаушылар арасында Дамир Шарипзянов (11+24) пен Максим Лажуа (7+23) Лиганың ең нәтижелі қорғаушылары жарысында тиісінше бірінші және үшінші орындарды иеленіп отыр.

«Барыс» сенбі күні Астанада «Амурға» қарсы ойында тағы да голдық мүмкіндіктерді жүзеге асыруда қиындықтарға тап болды. Команда 41 рет соққы жасағанымен, есепті тек Кирилл Панюков қана толықтырды. Қақпадағы Андрей Шутов 12 сейв жасады. Бас бапкер Михаил Кравец өз ойыншыларының парадоксты серияға тап болғанын айтты: ойын басымдығына ие болып, қарсыластарынан көп соққы бағыттағанымен, «барыстар» қатарынан төрт рет жеңіліске ұшырады.

41 матчтан кейін қазақстандық клубтың қоржынында 34 ұпай бар. Райли Уолш (9+16) команда ішіндегі бомбардирлер көшін бастап тұр. Қақпашы Адам Шил жарақатынан кейін қалпына келуін жалғастыруда. Сондай-ақ бүгінгі матчта шабуылшы Семён Симонов бапкерлер штабына көмектесе алмайды.

«Авангард» – «Барыс» матчы Астана уақытымен 18:30-да басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясы KHL және Qazsport телеарналарынан көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс – СКА матчы алдында

new-preview
Barys
Nomad

Руслан Оспанов Торпедоға жалға берілді

new-preview
Barys

World Stars құрамасы Кравец пен Шилмен бірге төртінші орын алды