Астаналық команда қазан айындағы сырт алаңдағы сериясын Алматыда жалғастырады.
Оңтүстік астаналық ұжым өздерінің сырт алаңдағы сериясын «Бейбарысқа» қарсы матчтармен аяқтады, онда командалар ұпай бөлісті. Алғашқы ойында 2:1 есебімен овертаймда алаң иелері жеңіске жетті. «Алматы» сапынан жалғыз шайбаның авторы Максим Петрасюк. Екінші кездесуде қонақтар негізгі уақытта басым түсіп, жеңіске жетті. Александр Нестеровтың ойыншылары арасынан Никита Селезнёв, Егор Анисимов және Дамир Айдуков көзге түсті, ал Муса Гусейнов дубль жасады.
Астаналықтармен кездесер сәтте «Алматы» 14 матчтан кейін 18 ұпай жинап, турнир кестесінде 6-орында тұр.
Өз кезегінде «Номад» та «Рудный» командасына қарсы серияда ұпай бөлісті. Бірінші ойында 3:7 есебімен алаң иелері айқын жеңіске жетті. «Көшпенділер» сапынан Адиль Бейсембаев, Бейбарыс Оразов және Кирилл Ляпунов шайба соқты. Ал екінші кездесуде «Номад» әлдеқайда жинақы ойнап, қарсыласын 6:3 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында Тимур Миндубаев, Бейбарыс Оразов, Диас Гусейнов және Темірлан Қатаров гол соқты. Саян Данияр дубль авторы атанды, ал Қазақстан чемпионатының 7-ойын аптасының қорытындысы бойынша Диас Гусейнов үздік ойыншы деп танылды.
Қазіргі таңда «Номад» 20 матчтан кейін 34 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.
Ойын Астана уақытымен 19:30-да басталады.
Тікелей трансляция InHockey платформасында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.