«Барыс» сырт алаңдағы турнесін Татарстан астанасында жалғастырады.
«Ақ Барс» өткен турда өз алаңында «Авангардтан» (1:2) жеңіліп, төрт матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты және Омбы клубына Шығыс конференциясының турнирлік кестесіндегі екінші орынды беріп қойды. Қазандықтардың сапындағы жалғыз шайбаны Владимир Алистров соқты. Қақпашы Тимур Билялов қарсыластың қақпаға бағытталған 34 соққысын қайтарды. Бас бапкер Анвар Гатиятулин өз ойыншылары ойын мазмұны жағынан әлсіз болмағанын, алайда қарсылас мүмкіндіктерін тиімдірек пайдаланғанын атап өтті.
43 матчтан кейін қазандықтардың еншісінде 58 ұпай бар. Команданың үздік бомбардирі Кирилл Семёнов (11+21). Митчелл Миллер (12+17) чемпионаттағы ең нәтижелі топ-6 қорғаушылардың қатарына кіреді. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушылар Альберт Яруллин мен Никита Лямкин бар.
«Барыс» сейсенбі күні Нижний Новгородта жаман ойын көрсеткен жоқ, алайда жеткілікті голдық сәттерге қарамастан «Торпедомен» өткен кездесуде бірде-бір ұпай ала алмады (2:3 есебімен жеңіліс). Астаналықтардың сапынан Кирилл Савицкий мен Ансар Шайхмедденов шайба соқты. Әлихан Өмірбеков ҚХЛ-дағы мансабында алғаш рет бір маусымда 10 нәтижелі пас межесіне жетті. Қақпашы Никита Бояркин 16 соққыны тойтарды. Михаил Кравец командасының екінші және үшінші кезеңдерде бастаманы өз қолында ұстағанын, бірақ тағы да шабуылдағы іске асыру жеткіліксіз болғанын атап өтті.
Қазақстандық ұжымның қоржынында 43 матчтан кейін 36 ұпай бар. Райли Уолш (9+18) тұрақты чемпионаттағы ең үздік сегіз қорғаушының қатарында.
«Ақ Барс» - «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясы KHL және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.