«Барыс» түздегі ойындар сериясын Қазанда жалғастырады.
Маусымның аса сәтті басталмауына қарамастан, «Ак Барс» соңғы бес кездесудің төртеуінде жеңіске жетті. Өткен турда Анвар Гатиятулиннің командасы өз мұз айдынында «Амурды» (3:1) тізе бүктірді. Шайбаларды Дмитрий Яшкин, Григорий Денисенко және Кирилл Семёнов соқты. Ал хабаровскіліктер қарсы қақпаға бар болғаны 11 соққы бағыттап, олардың 10-ын Михаил Бердин қайтарды. Қазандықтардың бас бапкері командасының кездесуді барынша жинақы өткізгенін атап өтті.
Татарстан астанасының ұжымы 12 матчтың қорытындысы бойынша 13 ұпай жинады. Қазіргі уақытта Григорий Денисенко (5+3), Кирилл Семёнов (4+4) және Владимир Алистров (3+5) – «Ак Барстың» ең нәтижелі ойыншылары. Команданың жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Альберт Яруллин бар.
«Барыс» жексенбі күні Новосибирскіде өткен ойында Луи Доминганың қақпасына шайба соға алмай, «Сибирьге» буллиттер сериясында (0:1) есе жіберді. Андрей Шутов 31 сейв жасап, биылғы маусымдағы алғашқы ойында өз қақпасына шайба жібермеді. Иван Николишин мен Роман Старченко маусымдағы алғашқы ойындарына қатысты. Старченко Құрлықтық хоккей лигасы тарихында барлық 18 маусымда ойнаған алтыншы ойыншы атанды. Михаил Кравец шәкірттерінің тәртіпті ойынын атап өтті, команда соңғы үш матчта ойын тәртібін бұзбаған. Астаналықтардың қоржынында 12 матчтан кейін 12 ұпай бар.
«Ак Барс» – «Барыс» кездесуі Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.