Номад Бейбарысқа қарсы жігерлі жеңісін алды
10 Қазан 2025

Номад Бейбарысқа қарсы жігерлі жеңісін алды

Бүгін «Номадпен» атыраулық «Бейбарыс» арасындағы екінші кездесу өтті. Бұл жолы алаң иелері ретінде «Бейбарыс» өнер көрсетті. Константин Пушкарёвтың ойыншыларына жеңіске жету үшін қосымша уақыт қажет болды.

Есепті бірінші кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда астаналықтардың капитаны Вячеслав Колесников ашты. Алайда көп ұзамай «Бейбарыс» шабуылшысы Степан Ананичев таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде қос команда да нәтижелі соққымен көзге түсе алмай, матч овертаймға ұласты.

Қосымша уақыттың 2-минут 52-секундында Олег Бойко қарсыластың қақпасына шайба соғып, «Номадқа» жеңіс сыйлады.

«Бейбарыс» - «Номад» 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 18:02 Колесников (Диханбек, Оразов) АГ

1:1 - 31:13 Ананичев Ар. (Шишов, Асуханов)

1:2 - 62:52 Бойко (Гатиятов, Оразов)

Қақпашылар: Осипов - Дубинскас

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыстың қараша айында өз алаңында өтетін матчтарының басталу уақыты өзгерді

new-preview
Barys

Барыс Автомобилистен басым түсті

video-preview
Barys

Барыс - Автомобилист жеңіс бөлмесі