Бүгін «Номад» пен «Бейбарыс» арасындағы кездесу өтті. Константин Пушкарёвтің ойыншылары бұл ойында 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Елордалықтар үшін ең нәтижелі кезең бірінші период болды. Команда қарсылас қақпасына үш шайба соқты. Олардың авторлары Абылайхан Сүлейменов, Вячеслав Колесников және Руслан Оспанов. Ал «Бейбарыс» сапынан Сергей Можаев бір шайбамен жауап қайтарды.
Екінші кезеңде Адиль Бейсембай дубль жасап көзге түсті, ал үшінші периодта Әли Қасенов «Номадтың» алтыншы шайбасын соқты. Атыраулықтар есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, тек Виктор Васин мен Алексей Клочковтың соққылары нәтижелі болды. Дегенмен Александр Высоцкийдің ойыншылары ойынның тағдырын өзгерту мүмкін болмады.
«Бейбарыс» - «Номад» 3:6 (1:3, 0:2, 2:1)
0:1 - 02:27 Сүлейменов (Гросс)
0:2 - 10:40 Колесников (Гусейнов)
1:2 - 11:36 Можаев (Васин, Григорьев)
1:3 - 16:50 Оспанов АГ
1:4 - 22:33 Бейсембай (Диханбек, Бойко) АГ
1:5 - 27:15 Бейсембай (Қасенов)
2:5 - 48:04 Клочков (Колотыгин, Ананичев)
2:6 - 51:11 Қасенов (Диханбек, Диханбек) АГ
3:6 - 51:25 Васин (Авдеенко) АГ
Қақпашылар: Микушин (Осипов, 22:33-56:14, 59:33-59:51) - Калмыков
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.