Номад Торпедоны овертаймда жеңді
06 Қазан 2026

Номад Торпедоны овертаймда жеңді

Константин Пушкарёв ойыншылары қазан айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясын Өскеменде бастап, жергілікті «Торпедомен» кездесті. «Көшпенділер» овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Александр Мигунов пен Никита Мерзликиннің байланысы екі рет нәтижелі ойын көрсетті. Екі жағдайда да Мигунов Мерзликиннің пасын тиімді пайдаланып, мүмкіндікті голға айналдырды. Осылайша Мигунов дубльдің авторы атанды.

«Номад» үшінші кезеңнің 12-минутына дейін екі шайма айырмашылығымен алда болды. Алайда «Торпедо» ойынға қайта оралып, Саян Данияр мен Михаил Рахмановтың голдарының арқасында есепті теңестіріп, кездесуді овертаймға ауыстырды.

Овертаймның 30-секундында Батырлан Мұратов жеңіс голын соғып, ойын тағдырын «Номадтың» пайдасына шешті.

Енді астаналық команда ертең сағат 18:30-да «Торпедомен» екінші кездесуін өткізеді.

«Торпедо» - «Номад» 2:3 ОТ (0:1, 0:1, 2:0, 0:1)

0:1 - 11:59 Мигунов (Мерзликин)

0:2 - 26:27 Мигунов (Мерзликин)

1:2 - 48:26 Данияр (Гусейнов, Гатиятов)

2:2 - 52:45 Рахманов (Гренц)

2:3 - 60:30 Муратов (Алибек, Никитин)

Қақпашылар: Кудрявцев - Нурек

IMG_6307.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Қазақстан құрамасы - Азияның үш дүркін чемпионы!

new-preview
Barys

Барыс Амур қақпасына шайба соға алмады

new-preview
9 фото
Barys

Амур - Барыс